Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


Теңдік пен теңсіздіктерді оқыту методикасы



бет75/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

Теңдік пен теңсіздіктерді оқыту методикасы





    1. Санды теңдік пен теңсіздіктерді оқыту методикасы

Жаңа бағдарлама бойынша оқушыларға сандарды салыстыру, өрнектердің <,>,= екендігі қатынастарын беру мақсатында осындай сұрақтармен таныстыру басты рөл иелейді.
Екі тең сан немесе екі өрнектің мәндері тең болса, олардың арасына тең белгісі қойылады. Сондай-ақ, екі сан тең болмаса, немесе екі өрнек және олардың мәні тең болмаса, бұлардың арасына теңсіздік белгісі қойылады.
Сондықтан ең алдымен оқушыларға сенімді теңдік пен теңсіздіктер туралы түсінік беру қажет.
Теңдік және теңсіздікпен таныстыру сандарды номерлеумен және арифметикалық амалдармен байланысқан. Сандарды салыстыру ең алдымен, қосындыны салыстырумен, яғни, қосындылардың бір мәнді сәйкестігіне байланыстырып түсіндіреді. 10, 100, 1000 ішінде сандарды номерлеу және салыстыру арқылы төменгі сыныптарда теңдік пен теңсіздік ұғымдары келтіріледі.
Мысалы, 75>48 дегенде 7 ондық 4 ондықтан үлкен деген мазмұнда түсіндіріледі.
Мөлшерді өлшеудегі сандарды салыстыруда сандарды бірдей мөлшерге келтіріп, содан соң, салыстыру мүмкіндігі 1-4 сыныптарда беріледі.
Мысал,

  1. тең сандармен ауыстыр: 7км 500м=...м, 3080 кг= ... ц.

  2. жазу туры болуы үшін сандарды таңда: ...сағат < ...минут, ...дм

=...см, ...т > ...ц, ...ц=...кг.

  1. теңдік немесе теңсіздік туры болуы үшін атаулы сандарды қой: 35км=35000..., 16 минут >...секунт, 17т 5ц= 17500.

  2. теңсіздіктердің дұрыс немесе бұрыс екеніне қарап сандардың арасына белгілер қойып шық.

4т 8ц...4800кг; 100 минут...1 сағат 50 минут; 2м 5дм...250см.
1-сыныпта 10 ішінде амалдарды орындауда теңдік пен теңсіздіктерге көбірек тоқталады.
Мысал, 3+1>, 3-1<3, 3=3 т.б.
Сол тәрізде бастауыштың жоғары сыныптарда өтілген теңдеулері мен теңсіздіктерін жалпылап, а=b, a>b, aСонымен санды өрнектердің теңдігі мен теңсіздігіне қадам қойылады.


    1. Теңдеулерді оқыту методикасы

Бастауыш сынып бағдарламасында 7+х=10, x-3=10 5,
х*(7-10)=70, x:2=15 тәрізді теңдеулер қарастырылады. Бұл теңдеулерді шешу амалда қатысып жатқан әріптің мәнін табу қажет, яғни оны теңдеуге қойғанда тура теңдік пайда болуы керек. Мұндай теңдеуді шешудің амал компоненті мен амал нәтижесінің арасындағы байланысты оқыту методикасын пайдаланады:

  1. Дайындық басқышында 10 ішінде қосу және азайтудағы белгісіз компонентті табуға тиісті.

Мысал. 4+...= 6, 5-....= 2, ...-3=7.

  1. Соған байлансты қарапайым мысалдар шешу.

Мысал. Белгісіз санға 3-ті қосып 8 шықты. Белгісіз қосылғышты тап.
....+3=8. Содан кейін белгісізді әріппен белгілеуді үйретеді. k+3=8.

  1. Бастауыш сыныпта теңдеудің сипаттамасы, шешімі, шешу тәрізді сипаттама мен ұғымдар берілмейді. Тек теңдеуді оқу, жазу, белгісіз компоненттерді табу түсініктерімен таныс болады.

  2. 2-сыныпта көбейту мен бөлуге қатысты

х*3=12, 5*x=10, x : 2=4, 6 : x =3 көрінісіндегі теңдеулерді шешу оқытылады.

  1. Теңдеулерді оқытудың бірінші қадамында белгісіздің орнына қоюмен теңдікті тексеру үйретіп барылады.

  2. 2-сыныпта олардан күрделірек х+10=80-7, x+(45-17) =40 сияқты теңдеулерді шешуге үйретеді.

  3. 3-сыныптан бастап 4 амалға қатысты мысалдар шешіледі.

  4. 4-сыныпта көп таңбалы сандармен бірге 4 амалға қатысты теңдеулерді шешу де үйретіледі.

  5. 2-сыныптан бастап, а+26<30, a+26=30, a+26>30 теңдеу және теңсіздіктер төмендегі қандай мәнде орынды деген кестемен мысал беріледі:




а

0

1

2

3

4

5

6

а+26

26
















32

10. Бастауыш сыныпта х+х= 10, n*n=16, a+a=a+6, 7*a=7, 8*k=0, n+n=2n сияқты мысалдар орындалмайды.













    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет