ТАҚЫРЫБЫ:АРИСТОТЕЛЬ,БЕЛИНСКИЙ,ГЕГЕЛЬ ПОЭЗИЯНЫҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ АЙТҚАН ОЙЛАРЫН ТАЛДАУ,КЕСТЕ ТҮРІНДЕ КӨРСЕТУ
ОРЫНДАҒАН:САРЫМСАҚ КАМИЛА
ҚАБЫЛДАҒАН:аға оқытушы АШИРОВ Ж
АЛМАТЫ 2022
Әдебиеттің теориясы туралы ең алғашқы үздік еңбек ескі грек елінің философы Аристотельдің «Поэтика» кітабы болды (біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда). Ол поэзияның тегі: эпос, лирика, драмаға жалпылап болса да сипаттамалар берді. Аристотель әдебиетті текке болудiң негiзi ретiнде шындыкты суреттеудiң тәсілін қарастырады , эпос - оқиға туралы өз атынан айтылган әңгіме , баяндау , лирика өз - өзіңмен сырласу , драма - суреттелген қаһармандардың іс - әрекеті . Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.