Кітабы болды (біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырда). Ол поэзияның тегі: эпос, лирика, драмаға жалпылап болса да сипаттамалар берді


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ»



бет3/4
Дата18.04.2022
өлшемі19,38 Kb.
#139812
1   2   3   4
Байланысты:
Сарымсақ К 205 әдебиет теориясы сөж 3

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ «ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ»
“Әдебиет танытқыштағы”қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі: ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.

Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып әкетуге де қайран қаласыз.


Тимофеев жанрды тек деп түсіндіреді , ал жанрлық формаларды вид деп атайды . Ол үш түрлi тек ( жанр ) бар деп : 1 . лиро - эпикалык жанр.2 . көркем - тарихи жанр.з. сатира . Эльсберг те сатираны өзінше текке жаткызады . Н.А. Гуляев эпостағы адам мен қоғам карым - катынасын , драмадағы характерлер қақтығысын , лирикадагы жеке адамның көңіл - күйінің көрсетілуіне карай , адам мен өмір шындығы қарам - қатынасының типтерi бойынша жіктейді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет