Әлемдік және ұлттық мәдениет –
тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері. Педагог құзыреттілігінің мақсатты процеске әсері. Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес.
Әрбір ұлттың, қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің
ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты, саналы және елін,
жерін, Отанын сүйетін ұрпақты тәрбиелеу. Біздің міндетіміз – болашақ қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі биік
азамат етіп тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің басты міндеті – рухани адамгершілік қасиеттері
қалыптасқан, креативті ойлайтын, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруге
дайын, шығармашылық, іскерлік, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды
138
меңгере алатын, өмірлік мәселелерді ұтымды шеше алатын, бойында азаматтық
пен патриоттық сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.