Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет202/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

ұйымдастырушылық
қызмет атқарады. Бала 
өзінің дүниетанымына сүйеніп, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасайды. 
Дүниетанымның 
прогностикалық
қызметі арқылы бала қоғамның даму 
заңдарын қолданып, оған ғылыми, теориялық, тәжірибелік тұрғыдан баға беріп, 
бүгіні 
мен 
болашақты 
жасау 
туралы 
ұсыныстар 
айтады. 
Сонымен, ғылыми дүниетанымдық тәрбиенің мақсаты – баланың жеке 
тұлғасының орталығында орналасатын дүниетанымды берік және оған 
сенетіндей етіп қалыптастыру, сол арқылы қоршаған ортамен дұрыс байланыс 
жасауға көмектесу. 
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім оқушының ғылыми көзқарастары мен 
сенімдерін қалыптастырып, ғылыми емес, дәлелдері аз көзқарастарды сыни 
тұрғыдан ойлауға үйрету керек. Ол үшін оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктері 
пайдаланылады. 
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру үшін оған өмірдің жақсы да, 
көлеңкелі тұстарын да айтқан дұрыс. Дүниетанымдық
 сана
баланың сезіміне
ерік-жігеріне әсер етеді, сезім-сананы бекітуші, ерік-жігерді ынталандырушы. 
Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, өзін қоршаған ортамен қарым-
қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір 
мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады. Баланың 
санасы, көзқарастары, сенімдерін ең алдымен ғылым негіздері қалыптастырады. 
Табиғи жаратылыстану бағытындағы пәндер табиғат құбылыстарының 
нақты себептерін ашады. Оқушылар түрлі фактілер жинайды, өмірді 


145 
бақылайды. Заттың бір күйден екіншіге өтуі, молекула түрлерінде, атап айтсақ 
микро-, макро- және мегадүниесінде өтіп жатқан өзгерістер ғылыми 
дүниетанымды 
қалыптастырады. 
Оқушылар 
өмірдің 
дамуындағы 
сабақтастықты, қартаю, өлу себептерін, жаңа өсімдіктер мен ағзалардың пайда 
болуын оқиды. Жоғары жүйке қызметінің заңдылықтарын оқып үйренудің, 
ғылым мен техниканың адам өміріндегі рөлін түсінудің зор маңызы бар. 
Ұлы адамдардың, ірі ғалымдардың өмірі мен қызметі туралы әңгімелер 
баланың білімі мен тәрбиесіне ықпал етеді. Қоғамдық-гуманитарлық циклдағы 
пәндер оқушыны қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды дұрыс талдауға 
үйретеді, жақсылық пен жамандықты көрсетеді, елімізде, шетелдерде болып 
жатқан оқиғаларға дұрыс баға беруге баулиды. Өнер бағытындағы пәндер – 
әдебиет, бейнелеу өнері, саз, театр, кино оқушының адамгершілік-эстетикалық 
сезімін тәрбиелейді. 
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау
салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің 
түрлі 
салаларында 
оқушылардың 
іс-әрекет 
жасауы 
дүниетанымның 
қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Оқушылар өнердің тілімен танысып, 
тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау 
кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар 
үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, шығармалар жаздыру, сахналық 
қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-өрісін кеңейтіп, 
көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының 
қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, 
диалектикалық ойлауынан байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет