ағарту
қызметі
арқылы балаға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беріп, оны
жалған қөзқарастардан арылтады, болмысты тану әдістерімен қаруландырады.
Дүниетаным
тәрбиелік
қызмет атқарады. Бала өзі келісетін көзқарастары
арқылы адамгершілігін, ерік-жігерін, эстетикалық сезімдерін шыңдайды.
Мұғалімдер оқушыларды адалдыққа сендіріп, олардың адал жүруіне керекті
батылдықты, табандылықты, ізгілікті, жауапкершілікті тәрбиелеуі керек. Осы
талапты орындау үшін қоғам және жеке адамдар өміріндегі жақсы тұстарды
балаларға әсерлі етіп түсіндіргені абзал.
Саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, эстетикалық, ғылыми
теориялық білімдерді меңгеру оқушының белсенді ой жұмысын туғызады.
Ғалымдар болмысты (алуан түрлі байланыстағы объективтік дүние, тұрмыс,
қоршаған орта, жағдайлар) түсіну үшін диалектикалық тәсілдер қолдану
керектігін дәлелдеп отыр.
Бұл тәсілді қолданғанда баланың миы жағдайды дұрыс бағалап,
шығармашылықпен жұмыс істейді, құбылыстарды басқа құбылыстармен
байланыста қарайды.
Баланың дүниетанымы
Достарыңызбен бөлісу: |