Сурет-60. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы тәлім-
тәрбиелік жұмыстардың бағыттары
Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері:
дүниетанымдық мәселелердің айқындылығы;
тәрбие мазмұнының мәдениеттанушылық негізделуі;
әлеуметтік мәні бар ортаның болуы;
өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамыту;
өзін-өзі басқарудың болуы.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе
жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз
ұйымдастырылса, ол тәрбиеленушіге де, тәрбиешіге де кері әсерін тигізеді.
Егер тәрбиешілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына,
азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына
сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.
Жеке тұлғаның бойында ғылыми дүниетанымды
қалыптастыру бірнеше
кезеңдер арқылы жүзеге асады.
61-суретте адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері көрсетілді.
Ғылыми дүниетанымның
сапалық белгілері:
• адамгершілік сезім: тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды
бастан өткізуі;
• адамгершілік сана: моральдық принциптер, әлеуметтік ортада өзінің
адамгершілік нормасын сезінуі;
• сындарлы ойлау: адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен
қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау,
жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |