Сурет-59. Жалпы орта білім беретін мектептің оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тәрбиелік жүйесі Мектеп өзі тұжырымдамасына сай тәрбиелік және дидактикалық кіші
жүйелер бір-біріне әсер етіп толықтыру немесе жол бере отырып, өзара
қарым-қатынас жасап, өзіндік педагогикалық жүйе құрайды.
Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері
мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім
арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді.
Олардың жеке қызығушылығы, бейімі, өзіндік мінез-сипатымен бірге өз қадірін
сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани
қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Тәрбие жүйесі оқу процесіне қажет қосымша болып қана қоймай, қазіргі
жағдайда шоғырландырушы рөлді орындай отырып, білім беру мекемесінің
жұмыс істеуінің ең маңызды шарты болып табылады.
60-суретте жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбие жұмысының
бағыттары ашылды.
Педагог
мамандармен
үйлесімділік
жүйесі
Қоғамдық ұйым,
бірлестіктер
жүйесі
Сыртқы ықпал
ететін ортамен
байланыс
Ынтымақтастықта
жұмыс
жасайтын
мекемелер
Ата-аналармен
жүргізілетін
жұмыстар
Тәрбие жүйесін
үйлесімді
басқару
құрылымы