Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әр алуан іс-әрекет түрлеріне қатыстыру; отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПП жобалау және т.б. Мектептің тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесі мен технологиясы
оқушылардың дүниетанымының мазмұнын айқындайды (58-сурет).
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру оқу-тәрбие жұмыстары
барысында қалыптасады.Мектеп жасындағы тәрбиеленушілерге тәрбие беру
жүйесі мектеп, отбасы, әлеуметтік ортаның ынтымақтастығы негізінде
құрылады.
Мектеп жасындағы тәрбиеленушілерге тәрбие берудің мақсаты – өзін-өзі
тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
қабілетті, еркін, шығармашылығы дамыған, жаңашыл, креативті тұлғаны
қалыптастыру.
ХХ ғасырдың 70-жылдарында жалпы орта білім беретін мектептердің
тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда Ф.Ф.Королев, М.М.Поташник
еңбектерінің маңызы зор болды. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жұмысын түрлі
деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін
Л.И.Новикова зерттеді.
Тәрбие жүйесі – кешен, бұл мақсатты орындаушы субъектілер;
қатысушылар арасындағы пайда болатын және оларды біріктіретін қатынастар;
тәрбие жүйесінің компоненттерінің бірлігін және бұл жүйенің дамуын
қамтамасыз ететін ортаны және басқаруды тәрбие субъектілерінің меңгеруі.