184
4. Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жолдары.
5.Тәрбие құралдарын, формаларын және әдістерін анықтаудағы мұғалімнің
кәсіптік құзыреттілігі.
3.2.3 Тәрбие әдістері
Тәрбие әдістері туралы түсінік. Тәрбие әдістерінің психологиялық
негізі.
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие
әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы
сан-салалы өмір
талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан-жақты
тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие
жұмысының мазмұнына сай
анықталады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы
болғандықтан, оған әртүрлі анықтама беріледі:
1. «Тәрбие әдістері – педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары
арқылы тәрбие мақсатына жету» (Т.Е.Конникова).
2. «Тәрбие әдістері – жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау»
(И.С.Марьенко).
3. «Тәрбие әдістері – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
іс-әрекетінің
өзара байланыс тәсілдері» (В.А.Сластенин).
В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанский және т.б. педагогтердің зерттеулері
бойынша, мектептегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-
әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды.
Бұл іс-әрекет тәрбиенің
міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе
тәрбие әдістері
дегеніміз – тәрбиешінің тәрбиеленушілердің
бойында қоғамдық көзқарасты
және мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың
санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбиелеуде тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің
тәсілдері, ұғымдары қоса айтылады.
Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік
міндеттерді шешуге
арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.
Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық жағдаятқа байланысты жеке әдісі,
тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: