185
Сурет-78. Тәрбие әдістерінің жіктемесі
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу
олардың жалпы және өзіне тән,
маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен
тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп,
оларды дұрыс таңдап, нәтижелі
қолдануға әсер етеді.
Педагогикада ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше
топтастырылады. Ғалым педагогтер
– Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров,
Ф.Ф.Королев және т.б. тәрбие әдісін
классификациялауда сендіру, жаттығу,
мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады.
Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников және т.б. тәрбие әдісін топтастыруда
сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру әдісін және
олардың мінез-құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қарастырады.
Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі
теориялық негіздерге
сүйеніп талдау жасайды.
Ю.К.Бабанский бойынша, тәрбие әдісі оқушылардың санасына, сезіміне,
ерік-жігеріне жан жақты ықпал жасауды қамтиды.
Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды
және іс-әрекеттің бірлік
принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке адам болып қалыптасу
процесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке
сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: