189
Егер адам жас кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты дағдыларды
игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Содан барып ол дүниені
және өзін-өзі тануға тым нашар бағдарланады. Онда дүниенің бейнесі де, өзінің
тұлғалы және өзінің дүниемен өзара қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де
қалыптаспайды (Н.Мудрик).
Жасөспірім тұлғаны тұтас, оның қасиеттерінің бүкіл жиынтығын да
бағалай алады. Ал төменгі сынып оқушысы болса өз тұлғасын жеке әрекеттері,
қылықтары немесе әрі кеткенде бұл бағаны тұлғаға тұтас ауыстыра отырып
жеке белгілері мен қасиеттері бойынша бағалайды (В.Крутецкий).
«Мен» бейнесі элементтерінің когнитивтік күрделілігі мен жіктелуі кіші
жастан ересек жасқа қарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және дағдарыссыз
артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер жеткіншектерге қарағанда
өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады (И.Кон).
Тәрбие технологиясы – жекелеген процестердегі педагогикалық
міндеттерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру тәсілі, тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнату тәсілі,
педагогикалық диагностика тәсілі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: