Этикалық әңгімелер
– мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін
пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал
жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің
бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты – оқушыларды қоғамдық өмірде
болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге,
соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға, адамгершілік міндеттерге
жауапкершілігін тәрбиелеу.
Тұлғаның тәжірибесі мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістеріне
педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттарды
туғызу және қоғамдық пікір жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |