Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет268/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Тапсырма беру әдісі
баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты 
терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік 
қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық жағдаят
әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген 
педагогикалық жағдаят ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. 
Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет 
етеді.
 
Қоғамдық пікір
. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен 
ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы 
қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс - 
әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді 
туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады. 
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Ынталандыру әдістері
 
оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін
қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс 
қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет