Сурет-79. Қазіргі тәрбие технологиясының талаптары Тәрбиеші алдында технологиялық процесті басынан аяғына дейін жүргізу
қажеттілігі тұрады, яғни тәрбие жалпы технологияға негізделген жеке
шеберлікпен ұштасады.
Педагогикалық шығармашылықты көрсету ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Оқушының тәрбиелігінің диагностикасы және тәрбиелілік көрсеткіштері. Тәрбие процесі – жеке тұлға мен қоғамның талаптарына сәйкес
ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал етуде пайда болатын педагогикалық
ара-қатынас процесі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің әлеуметтік және
рухани құндылықтарды, тәжірибені, қатынастарды игерудегі белсенді
іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбие процесін
дұрыс жүргізуге қойылатын педагогикалық принциптер:
Тәрбие процесін тақырып жағынан дұрыс жобалау.
Тәрбиеленушіні жан-жақты дамытудың түрлі жолдарын білу.
Тәрбие процесін жобалауда мазмұн мен жүйелілік бірлігінің болуы.
Тәрбие процесінің тиімділігіне оны жүргізудің психологиялық-
педагогикалық әдістері тығыз байланысты.
Психологиялық-педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие процесін тиімді
ұйымдастыру мақсатында тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін және
ұжымның әлеуметтік-психологиялық сипатын зерделеуге бағытталған бағалау.
Педагогикалық диагностика психологиялық диагностикаға қарағанда
педагогикалық процестің ішінде жүзеге асырылады.