Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-83. Тәрбиелік жүйе құрылымы



Pdf көрінісі
бет280/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Сурет-83. Тәрбиелік жүйе құрылымы
 
Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік 
өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне 
тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, 
мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары. 
Отбасылық тәрбие берудің мақсаты
– баланың жастайынан-ақ, жеке 
басы ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жан 
жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, баланың өсіп жетілуіне, денсаулығана 
қамқорлық жасау, нығайту, бекіту, еңбекті қажетсінуге баулу. 
Отбасы баланың мінез-құлқының, дүниеге көзқарасының негізін қалайды. 
Ата-бабаларымыздың тілімен айтқанда, ұлттық құндылык, қадір-қасиет ата 
құлқымен, ана сүтімен ұрпақ қанына сіңген. Қазақтың отбасындағы тәрбиелік 
ықпалы бірімен-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол – 
ата-әже, әке-шеше, ұл мен қыз. Бұлардың әр бірінің өз құқыктық міндеттері мен 
өздеріне тиесілі талап-тілектері бар. Бұл міндеттердің салмағы өте ауыр, 
қасиеті мол. 
Ол – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне 
бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін 
Тәрбиелік жүйе 
Ата-ана 
Оқушы 
Мұғалім 
Қоғамдық мекеме 


197 
қамтиды. Отбасы мен мектептің бірлігі арқылы тұлғааралық байланыс, өзара 
мәміле қалыптасып дамиды. Ортақ келісімде іс-әрекеттер атқарылады, өзара 
түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ішкі бірлігі де, сынып 
оқушыларының ішкі бірлігі де, отбасы мүшелерінің ішкі бірлігі де аса маңызды 
факторлар екенін айту керек. 
Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш 
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, отбасы мүшелерінің
бір-біріне деген кісілік қарым-қатынасы, эмоциялық сезімдері, ілтипат 
ықыластары – отбасы тәрбиесінің негізгі күші.
 
«Отбасы» ұғымының мәні 84-суретте ашылды.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет