Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар:
-
Отбасының этникалық құрамы мен құрылымы:
толық, толық емес
отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
-
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары:
отбасы мүшелерінің
білім дәрежесі, жалпы материалдық әл-ауқаты.
-
Отбасының мәдени әлеуеті:
тұрмыс мәдениеті, музыкаға бейімділігі,
спортпен айналысуы, кино, театр, кітапханаға баруы, теледидар көруі.
-
Ішкі отбасылық қатынастар:
отбасындағы ішкі көзқарастың бірлігі
және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
-
Отбасы мүшелерінің қоғамға көзқарасы:
еңбек және қоғамдық
міндеттерге қатысы.
Отбасының тәрбиелік әлеуеті:
отбасы мүшелерінің адамгершілік
қатынастары, өмірге деген көзқарастары, ата-ана және басқа мүшелердің
педагогикалық мәдени дәрежесі.
Мектептің сенімді одақтастарының бірі – отбасы. Отбасындағы басты
мәселенің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі,
міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос
уақытын ұйымдастыру.
Отбасындағы адамдардың әлеуметтену процесі оның типіне байланысты.
Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде отбасының көптеген
типологиялары ұсынылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |