Сурет-84. «Отбасы» ұғымының мәні Отбасы тәрбиесінің ықпалды болуы төмендегідей факторларға тікелей байланысты: 1) отбасының әлеуметтік құндылығына;
2) балаға ересектер тарапынан қойылатын тәрбиелік талаптың бірлігіне;
3) отбасы ішіндегі қарым-қатынастың салиқалы болуына;
4) отбасылық дәстүрлердің қоғамдық талаптармен ұштасуына;
5) отбасындағы еңбекке деген қатынасқа және эмоциялық ахуалға.
Отбасының белгілері : 1)
отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі
құқылы адамдардан біріккен ұжым;
2)
оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық міндеттері байланыстырып тұрады;
3)
ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері
сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;
4)
отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және
рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) процестермен
сипатталады.