білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Дидактика оқыту процесінің барысын және нәтижеге бағытталған мақсат,
міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру
формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет
атқарады: теориялық және практикалық.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның
қызметтерінен айқындалады.
Біріншісі –
білім беру қызметі : оқушыларда білім, дағды және
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы.
Оқытудың
екінші қызметі –
тәрбиелеу қызметі: оқушылардың
дүниетанымын қалыптастыру. Ол балалар мен ересектерде объективті түрде
қоршаған орта жөніңде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына
қарай біртіндеп қалыптасады.
Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз
бетінше ойлауын