Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет317/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

1)
 
Бала дамуының жақын аймағы 

 
баланың тек үлкендердің көмегі 
арқылы атқара алатын істері. 
2) Бала дамуының қол жеткен аймағы
 
– баланың үлкендердің көмегінсіз 
істей алатын істері. 
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың 
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген 
кезде дамуға өріс ашылады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен 
қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан 
материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне 
өз үлесін қосады.
Ғалым-психологтар 
Л.В.Занков, 
В.В.Давыдов, 
Д.Б.Эльконин 
зертханаларында оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер 
жасалды. 
С.Л.Рубинштейн, 
Е.Н.Кабанова-Меллер 
және 
басқалар 
өз 
зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. 
И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей 
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге 
дайындығы деп түсіндіреді.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске 
асырады деп есептейді: байқампаздық; өз ойын еркін жеткізе білу; практикалық 
іс-әрекеттер атқара білу. 
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтау
қорытындылай алу дағдысын есептейді. 
Жалпы 
орта 
білім 
беретін 
мектеп 
оқушыларының 
танымдық 
қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының 
дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, 
ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқуды жолға 
қою керек. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен 
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.
В.П.Беспалько білімді меңгеру иәтижесін төмендегідей 4 иерархия 
түрінде сипаттайды: 
1. Үйренушілік
– репродуктивті іс-әрекет деңгейі. Оқушы тапсырма 
құрылымындағы мақсат, жағдаят және оны шешу іс -қимылдарының 
сәйкестігі туралы қорытынды жасауы керек, тани білу іс-әрекеті. 
2. Алгоритмдік
– екі компонентті - мақсат, жағдаятта берілген
тапсырмаларды қарастырады. Оқушы тапсырманы орындарда бұрыннан 
меңгерген іс-қимылдарын өздігінен жаңғыртып, қолдана білуі қажет. 
3.
Эвристикалық 
– өнімді іс-әрекетінің бірінші деңгейі. Бұл деңгей 
есебінде мақсат ғана берілген. Оқушы жағдаятты дәлелдеп, оны шешу үшін 
амалдарды таңдап алуы қажет. 
4.
Шығармашылық
деңгей – өнімді іс-әрекетінің ең күрделі 
деңгейі. Оқушы өзі мақсат қойып, өзі оны тұжырымдайды


221 
нақтылайды, оны орындауға жеткізетін жағдаят пен амалдарды іздестіреді. 
Мақсатты деңгейлер тізбегі түрінде қою арқылы зерттелмесе де, кейбір 
ғалымдар (Б.Блум, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.К.Скаткин) білімді меңгеру 
деңгейлерінің төмендегідей тізбегін ұсынады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет