Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Тұлғаның түйінді құзыреттіліктері –
оқытудың нәтижесі. Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастыру және т.б. Оқыту мен білім берудің тәрбиелік мүмкіндіктері. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген
оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың
алдында жүретін, дамуда шешуші рөл атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат
ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп,
бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог
220
Л.С.Выготский болды. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму 2
бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала
дамуының төмендегідей 2 аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды: