Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет311/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Дидактиканың ұғымдары
: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, 
оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері 
– мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың 
нәтижесі. 
Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады: оқыту және білім алу. 
Оқыту
– қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, 
іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен 
дамыту процесі.
Оқыту 
процес
і 
екі жақты процесс
болғандықтан, мұғалім мен 
оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне 
басшылық ету, жоспарлау, ұйымдастыру, басқаруды талап етеді. Оның 
барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. 
Оқыту
дегеніміз – оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды 
меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, 
эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің 
белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және ынталандыру
іс-әрекеті.
Оқыту – оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға 
қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар 
аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне айрықша назар аударылмайды
(93-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет