Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет341/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Типтік оқу бағдарламасы 
– меңгерілуге тиіс нақты білім мазмұны мен 
көлемін, біліктілік пен дағдыларды анықтайтын құжат. Ол білім берудің 
мемлекеттік компонентінің мазмұнын ашады. 
 
Типтік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасының білім 
саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді. 
Жұмыстық оқу бағдарламасы
– әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті 
мазмұн және білім, білік, дағдыларын анықтайтын құжат. Ол білім берудің 
мектептік компонентін ашып көрсетеді. 


235 
Жұмыстық оқу бағдарламасы жалпы білім беретін
 
мектептің
Педагогикалық кеңесінде бекітіледі. 
Оқулықтар
оқу бағдардамаларының негізінде жасалады. Оқулық – 
оқушыларға білім берудің негізгі көзі. 
Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар: 
-
оқу бағдарламасына сәйкес болу; 
-
оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде
түсінікті болып баяндалуы; 
-
пәнаралық байланыс және оны жетілдіру; 
-
оқу материалдарының оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; 
-
оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу; 
-
көрнекіліктермен жақсы жабдықталу; 
-
тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған 
сұрақтармен жаттығулардың болуы; 
-
оқытуда халықаралық тәжірибені ескеру. 
Базистік жоспары оқу сағаттарының минимал көлемдері мен білім
аймақтарына біріктірілген міндетті оқу пәндерінің тізімі түрінде орта жалпы 
білімнің мемлекеттік және мектептік компоненттерін тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет