Бірбейінді оқыту кезінде (
мonos (грек сөзі) - біреу, жалғыз) оқу орны
бейіндік оқытудың бір бағытын іске асырады (жартылыстану-математикалық
немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Көпбейінді оқыту кезінде (
polys (грек сөзі) – көптеген, есепсіз, көлемді)
оқу орны бейіндік оқытудың 2-3 бағытын іске асырады (жаратылыстану-
математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық немесе технологиялық).
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары, базистік оқу жоспары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендер (ОӘК). Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын жасаудағы басты мақсат –
жалпы білім беретін орта мектептердің әр сатысындағы оқу процесі барысында
оқушы меңгеруге міндетті білімнің ең төменгі деңгейін (минимумын) белгілеу.
Мемлекеттік стандарт Қазақстан Республикасы жалпы орта білім жүйесі
аясындағы білімнің жалпы нормаларын сақтай отырып, оқушыны саралап
оқытудың түрін таңдау құқығын қамтамасыз етеді.