Бейіндік оқытудың мақсаты – жалпы орта білім біретін мектептердің
жоғары
сыныптарында
оқушылардың
оқуын
дараландыруға
және
әлеуметтендіруге бағытталған, сонымен бірге еңбек нарығындағы реалды
қажеттіліктерін есепке алып, мамандандырылған дайындық (кәсіби оқыту)
жүйесін құру, бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру
мекемелері мен
мектептің жоғарғы буындарында салалар мен кооперациялардың ыңғайлы
жүйесін жасау.
Бейіндік оқытудың негізгі міндеттері: -
жалпы толық білім беру бағдарламаларында жеке пәндерді терең
меңгеруін қамтамасыз ету;
-
жоғарғы сынып оқушыларына жеке білім беру бағдарламаларын құрудың
кең және ыңғайлы мүмкіншіліктеріне сай оқыту мазмұнының елеулі
саралануына жағдай жасау;
-
мектеп бітірушілерді олардың кабілеттеріне, жеке бейімділіктері мен
қажеттіліктеріне сәйкес жоғары кәсіби білімді меңгеруге дайындау;
-
оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында жалпы және кәсіби білім алу
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.