Бейіндік оқыту –
оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін,
келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыруға
бағытталған оқыту.
Бейіндік бағдарлау – бұл арнайы ұйымдастырылған әрекет, кәсіптік білім
мекемелерінде жоғарғы мектепте бейіндік және бейіндік емес сыныптарда
оқуларын жалғастыруда, жобаларын нұсқауда оқушыларға психологиялық-
педагогикалық демеу беруге бағытталған.
Бейіндік бағдарлау оқушының әрі қарай білімін жалғастыру орнын және
бағытын таңдау шешіміне көмек ретінде ғана қарастырылмайды, сонымен қатар
жас өспірімнің әлеуметтік, кәсіптік және мәдени өзіндік толық, жоғары
дайындық жұмысын жобалайды.
Бейіндік оқыту үш бағыт шеңберінде жүзеге асырылады: жаратылыстану-
математикалық; қоғамдық-гуманитарлық; технологиялық бағыт.
Жаратылыстану-математикалық
бейіндік бағыты келесідей пәндер
құрамымен қамтамасыз етілетін болады: химия, биология, география, физика,
информатика.
Қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы оқушылар әдебиет, әлемдік көркем
мәдениет, қоғамтану, мемлекет және құқық негіздері, риториканы оқиды.
Бейіндік оқытудың
технологиялық бағытының
мазмұны үшін келесідей
пәндер құрамы анықталған: химия, биология, физика, технология, графика
және жобалау. Жалпы орта білім беретін базалық және бейіндік мазмұндағы
пәндердің құрамы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
деңгейін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |