Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет379/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Баспасөз конференциясы
(Брифинг-сабақ) – конференциялық сабақтың 
өзгертілген түрі. Баспасөз конференцияның ерекшелігі – сабаққа әртүрлі 
баспасөз-ақпарат құралдарының өкілдері мен атақты ғалымдар мен 
мамандардың шақырылуымен өткізіледі, бірақ мұнда көбінесе оқушылар 
аталмыш ақпарат-баспасөз өкілдері мен атақты ғалымдар, оқымыстылар, 
мамандар болып сөз алып, қарастырылып отырған мәселені жан-жақты «маман 
көзімен» қарауға үйретеді. 
Қоғамдық білім байқауы – 
ой қорыту сабақтарының маңыздысы. 
Қоғамдық білім байқауына оқушылардың білімін тексеру үшін қоғамдық ұйым 
өкілдері келіп қатысып, оң бағасын береді. Мәселен, бұндай сабақтарға мектеп 
әкімшілігін, ата-аналар комитетін, пәнге, тақырыпқа байланысты құқық қорғау, 
денсаулық сақтау ұйымдары мекемелерінің, жоғары оқу орны ғалымдарын 


256 
шақырып, оқушылар білімін жан-жақты сараптаудан өткізуге болады. Осындай 
қоғамдық білім байқауын үлкен тарауларды, тақырыптарды өткенде өткізген 
орынды. 
Телекөпір – 
дәстүрлі емес сабақтың ең көп тараған түрлерінің бірі. 
Телекөпір – 2 немесе одан да көп мектеп оқушыларының телебайланыс арқылы 
сабақ өткізуі. Соңғы кезеңде телекөпір сабағы жаңа ақпаратты сабақ 
барысында талдау, нәтижесін шығару бағытында жүргізіліп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет