Лекция
– ой қорыту сабағының өзегі. Ұйымдастыру, өткізу әдісі
мұғалімдер үшін қиын болғанымен мектеп лекциясы ірі дидактикалық блоктың
негізгі өзегі болып табылады. Лекция негізінен ауызша баяндаудан ғана
(сипаттау, әңгімелеу, түсіндіру) емес, сонымен қатар басқа да оқыту әдістерінен
(иллюстрация, эксперимент, проблемалық оқыту элементтері) тұрады.
Семинар сабағы
.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция
тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың
танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін
шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын
қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға
мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |