Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет380/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Интеграциялық сабақ – 
бір сабақта өтілетін тақырыптың басқа 
пәндермен өзара байланысы қарастырылып екі немесе одан да көп пәндердің 
бір тақырыпта өзара байланыста ашып беруін айтады. 
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына 
байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден 
беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу 
материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау 
қабілетін дамыту.
Бинарлық сабақ
– интегралды сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты 
өзара байланысына қарай 2 мұғалім жүргізеді. 
 
Ойын сабақтары
.
Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп 
тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі – оқу-тәрбие процесінде 
балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану. 
Ойын – оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы 
басты құрал. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. 
Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі-рөлдік, қимыл қозғалысты, 
дидактикалық-шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың 
ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың 
айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсендігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет