«Жұлдызды сағат» сабағы
– қайталау-пысықтау сабақтарында әрі
білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін ойын
сабағының көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір
тақырыпқа арналады, мысалы «Ғарыш әлемі», «Қазақтың ұлы ғұламалары»
және т.б. тақырыптарда жүргізіледі.
Театр сабағы
– сабақтағы өтілетін метариалдарды рөлдерге бөліп,
кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі
мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып,
өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға
өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің
міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын
қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |