Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов:
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» – деген. Ең бастысы,
оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным болып табылады.
Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып
көрсету. Мектепте және кез келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай
сапалы білім беру.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы:
1)
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу
материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып
табылады.
2)
Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға
қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін
талдау керек.
3)
Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті
тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, шығармашылық тапсырмаларға
алмастыру қажет.
4)
Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымы, білімге
құштарлығы, қисынды ойлауларының қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет.
Мұғалімнің сабаққа дайындалу педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты
сипаттап көрсетті:
- Бағдарламаның сабаққа қатысты бөлімін ұғыну.
- Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып білу.
- Сабақтың мақсатын анықтау.
- Оқыту әдістерін таңдау.
- Сабақ құрылымын жобалау (105-сурет).
Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады:
сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа