Оңтүстік Қазақстан облысы , Түркістан қаласы,
«Қарашық» жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Маллаходжаева Фатима Марибжановна
Ойын – оқушылардың шығармашылығы мен ой-өрісін дамытАТЫ
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық,мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын,білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.
Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар
І. Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар .
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;
-сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:
1. «Міlling» – «Сыңарыңды тап» жаттығуы.
Бұл жаттығуды кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек. Мысалы: Тақырып : «Holidays»,
«А» тобына: «В» тобына:
HALLOWEEN It“s a holiday for children in Britain.Children dressed in costumes knock on their neighbours“ doors and ask if he/she would like «trick» or «treat», NEW YEAR HOLIDAY People begin celebrating this holiday on December 31. Many families watch television.
2.« Сөйлемді аяқта...»
Тақырып: « Eating in Great Britain»
Бұл жаттығу да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.
Мысалы:
«А» тобына: «В» тобына:
A good example is the traditional British Sunday lunch which consists… …of roast-beef, roast potatoes and Yorkshire pudding.
British breakfast consists of … …cornflakes with milk, toasts with marmalade, honey and tea.
3.Teaching with limited Resources:
« Шектелген ресурстармен оқыту» Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.
«Hot chair»- «Ыстық орындық» Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Женген оқушы тиісті «5» бағасын алады.
4.“Grammar`s Wild” ойыны.
1.Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см
2.3х5 қағаздарға саналатын және саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;
5х7 қағаздарға Counted, Uncounted, Both –деп жазыңыз;
3.Оқушыларды екі топқа бөліңіз;
4.Әр топқа қима қағаздарды таратыңыз (түстері әр-түрлі болсын);
Әр команда қағаздарды өз категориясы бойынша бөлу керек.
5. “Compare them”ойыны.
1.Жануарлардың суреттерін дайындаңыз;
2.Оқушыларды жұптап бөліңіз де, әр жұпқа 2 суреттен беріңіз;
3.Тақтаға бірнеше сын есімдерді жазыңыз;
Мысалы:
Bad short tasty
Beautiful long small
Good young big
Nice old sweet
4. Оқушылар суреттеріндегі жануарлар ды салыстырып, неғұрлым көп
сөйлем жазады.
6.Анаграмма / Wordsnakes
Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз:
woruyehao
Hello how are you
I am fine see you good bye
7. “Kim`s Game” ойыны.
Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинапқойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?
8.“Bingo” ойыны
Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады.
Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.
Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мғн берумен тығыз байланысты.
Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.
Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын.Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім,баспа - құралдарын оқыдым,сабақ жоспарларымды зерттедім.Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім.Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады(сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.
Лексикалық
Дидактикалық ойындар
Фонетикалық
Грамматикалық
Орфографикалық
Сурет 1. «Дидактикалық ойындар»
1.Фонетикалық ойындар.
Мақсаты:Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.
Аралар ойыны
Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.
Ойын барысы:Мұғалім екі араны таныстырады.Ағылшын арасы [р] деп (тілімізді тістеп «з» деп айту)ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ]деп ызылдайды.Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [р], [ʒ]деп айту)
"Story"
Белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп,олар оны хормен айтады.
Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді! Etc.
"Is it true or not?"
Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?" деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No, it’s not true" деп жауап береді. Сосон сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.(кесте 1.)
Мысалға:
Yellow lemon
|
|
Pink pig
|
|
|
|
Orange bear
|
|
Brown monkey
|
|
|
|
White snow
|
|
Red crocodile
|
|
|
|
Purple mouse
|
|
Green grapes
|
|
|
|
Gray elephant
|
|
Purple cucumber
|
Blue apple
|
|
Black sun
|
Кесте 1.
2.Лексикалық ойындар
Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.
Алтыншысын ата
Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады.Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді.
Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]
3.Грамматикалық ойындар
Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.
Күн мен түн ойыны
Ойын барысы:Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day» дегенде тапсырманы орындайды.
Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.
Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады,оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.
Мысалы: T: «мысық» ,P: «a cat»;
T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;
T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді», P: «a cat likes to play with a ball»;
4.Орфографиялық ойындар
Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру
Гусеница(қуыршақ) ойыны
Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.
Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.
Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.(сурет 4.)
Мысалы:
Hеееееe He
Her ееееe He
Here
Heart
Сурет 4.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы:
Білім беру сапасы артады
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады
Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.
Оқушы белсенділігі артады
Материалды меңгеруге түрткі болады
Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.
Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» - деп көрсетілген.[3]Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды көздеуден туындап отыр. Себебі, бүкіл орта білімнің іргетасы осы сатыдан бастау алатыны белгілі.Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда білім берудің басты тапаптарының бірі - баланың жеке бастық дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.Осы тұрғыдан алғанда қоршаған дүниені түсінген, ондағы үздіксіз болып тұратын өзгерістерді байқап,бақылай алатын оқушы ғана даму мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда оқушыларға білім беру жеке тұлға дамытуға бағыттала жүргізілетін болғандықтан, бағдарламалық материалдарды оқытуда олардың ғылыми ұғымдарын қалыптстыру мәселесіне баса көңіл бөлудің керектігі туындап отыр.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім , дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығының сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
English. Play and Learn.№7\2006
Достарыңызбен бөлісу: |