Оқу пәнінің стандарты – орта жалпы білім сатылары бойынша білім,
профильді білім және қосымша білім беру бағдарламаларының мақсаты,
міндеті, құрылымы мен мазмұнын және нақты оқу пәнін меңгертудің
мерзімдерін анықтайтын құжат.
Парадигма – ғылымның негізгі өлшем бірлігі, нақты ғылыми зерттеулерді
анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық
және әдіснамалық алғышарттардың жиынтығы.
Педагогикалық бақылау – бұл педагогикалық процесті тану әдісі, ол ұзақ
мақсатты түрде бағытталған жоспарлы қабылдау.
Педагогикалық заңдылық – педагогикалық құбылыстардың дамуына,
жағдай туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.
Педагогикалық қарым-қатынас – коммуникацияны орнату, дамыту,
ұйымдастыруға бағытталған, ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына
317
байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара
әсер ету процесі.