Мониторинг
(лат.
monitoring
– ескертуші, бақылаушы) – күнделікті
бақылау, бағалау және болжау; білім беру процесінің барысын, нәтижелерін
және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, жай-күйін қадағалау, бағамдау және
болжамдау.
Мультимедиа
(латын сөзінен алынған
multum ағылш.
multimedia
– көп
және
media, medium
– жабдық)
– қолданушыға бірыңғай ақпараттық орта
түріндегі әртүрлі деректермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) диалогтік
режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық
жабдықтар кешені.
Олигофренопедагогика
– ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие
беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Оқу бағдарламасы
– оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік,
дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Оқыту әдістері
– оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу
барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен
қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдері.
Оқу жоспары
– тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен
көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі
құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |