Педагогикалық процесс
– қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,
тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы.
Педагогикалық шеберлік
– оқу-тәрбие процесінің жоғары нәтижелігін,
тиімділігін қамтамасыз ететін шығармашылықтың, жаңашылдықтың жоғары
деңгейі.
Педагогикалық әдеп –
мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі. Әдеп (такт)
– латынша «tactus» – жұғысу, адамдар ара-қатынасының түрі, адамдардың өзара
жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай.
Педагогикалық диагностика
– сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-
әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын
анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және «педагог-оқушы»
жүйесі мүмкіндіктерін анықтау .
Педагогикалық технология
–
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық
мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара,
инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен
жиынтығының жүйесі, жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |