515
Цитоплазма тығыздығы ядромен салыстырғанда 1,5 есе жоғары
болады. Ядрошықтың барлық белоктарының төрттен бірі РНҚ-мен
байланысқан және белоктардың бұл бөлігі тығыз аймақта, ядро
қабығына іргелес жақын және Ниссль денелері түрінде (РНҚ мен
ақуыздардан тұрады) шоғырланған. Орташа РНҚ/ДНҚ қатынасы
(паренхималық жасушаларда 2-4,5), 50-ге жетуі мүмкін.
Мидың моторлы нейрондары мен жұлын ганглийлерінің бір
клеткасындағы РНҚ мөлшері 500–2500 пг жетеді. РНҚ-ның басым
бөлігі рРНҚ үлесіне тиесілі болуы нейрондардағы белок
синтездейтін
күшті
рибосомальдық
аппараттың
болуымен
байланысты. мРНҚ-ның жартысынан көбі мида ғана тән формалар.
Липидтер құрғақ заттардың 50% құрайды және негізінен
митохондрияларда, микросомаларда және Ниссль денелерінің
арасындағы кеңістікте орналасады.
Дендриттер құрамы клетка денесінің құрамына жақын, бірақ
олардағы тығыз заттардың мөлшері әлде қайда төмен.
Аксондар плазмасындағы тығыз заттардың мөлшері одан да аз,
Ниссль денелері болмайды, аксондардың ұштарында көптеп
кездесетін митохондриялар да аз. Жүйкелердің миелинді қабықтары
көп қабатты түзілімдер болып табылады. Олардың әрбірі кезектесіп
орналасқан белок және липидті қабаттардан тұрады.
Құрғақ салмағына шаққанда миелиндегі липидтердің мөлшері 70-
80%, ал белоктар 20-30%. Миелин липидтері ми липидтерінің
шамамен 65%-ын құрайды. Жетілген миелин құрамындағы
холестерин, фосфоглицеридтер, галактолипидтердің арақатынасы:
4:3:2-ге тең. Фосфоглицеридтерден - фосфатидилетаноламин басым
болса, басым галактолипидтерден – цереброзидтер басым келеді.
Миелин қабығында екі ерекше белок кездеседі. [34].
1. Негізгі белок (миелин белогының 30%), бұларды кейбір
жануарларға енгізгенде энцефалит ауруын тудыруы мүмкін.
2. Протеолипидтер (миелин белогы 50%), бұлар суда ерімейді,
(липидті компоненттер мен гидрофобты аминқышқылдарының көп
болуына байланысты), бірақ хлороформ:метанол қоспасында ериді.
Ми тінінің тағы бір ерекшелігі, бұнда басқа тіндерге қарағанда
бос амин қышқылдары өте көп болады.
Бұлар, ақ қан плазмасынан активті тасымалдану арқылы өтеді,
әсіресе, ароматты амин қышқылының және ми тініне өте қажетті
биогенді аминдердің түзілуіне жұмсалады.