Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


]. Аксональдық плазматикалық тоқтың қызметі



Pdf көрінісі
бет406/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 ].
Аксональдық плазматикалық тоқтың қызметі. 
1. Қалыпты және патологиялық жағдайларда нейрон құрамының
үздіксіз қалпына келтірілуі. 


514 
2. Оның трофикалық және басқа да қызметтерімен, синаптикалық 
тасымалдауға байланысты, нейрондардан заттардың босап шығуы.
3. Бүтін органнан нейрон денесіне трофикалық заттардың 
тасымалдануы. 
4. Нейронның жекелеген бөліктері арасында метаболикалық 
ақпараттардың берілуі. 
Аксональды 
тасымалдануға 
клеткаішілік 
органоидтар 
(митохондриялар, 
лизосомалар, 
синаптикалық 
көпіршіктер, 
нейрофиламенттер), және де жеке метаболиттер (липид, нуклеотид
гликопротеин, бос аминқышқылдары және т.б.) қатысады. 
Жүйке тіндері клеткаларының екінші түрі 
глия.
Нейроглия – 
клеткалар жүйесі. Олар бас, жұлын миының жүйке клеткаларын 
тікелей қоршап тұрады және жүйке тіндерінің арнайы қызметтеріне 
тіке қатыспайды. ОЖЖ-нің глияльды клеткалар популяциясы
нейрондар санымен салыстырғанда он есе асып түседі 
нейрондарға қатысты қызметтерге: тірек, трофикалық, оқшаулағыш, 
секреторлық, қорғаныштық, химиялық медиаторларды сіңіру және 
қапына келтіру мен регенерацияға қатысу жатады, ( глиальды
клеткалар бөлінуге қабілеттілігін организмнің барлық өмірі 
барысында жоғалтпайды), ал нейроглия көмекші қызметтерді
орындауға мамандандлырылған. 
Нейрондармен қатар жүйке тіндерінің жұмысында әртүрлі
нейроглиальды клеткалар: астроциттер, олигодендроциттер,
эпендима клеткалары және микроглиялар үлкен рөл атқарады. Жүйке 
тіндерінің қалыпты жұмыс істеуі нейрондар мен нейроглия 
клеткаларының өзара морфофункционалды және метаболикалық 
әрекеттесуіне негізделген.
Нейрондардың химиялық құрамы

Нейрон денесінде 65% су және 35% тығыз заттар болады. Тығыз 
заттардың 40% -ы липидтер, ал олардың 25% -ы фосфолопидтер 
мен ганглиозидтерден тұрады. Белоктардың үлесіне жүйке 
клеткаларындағы тығыз заттардың шамамен жартысы тиесілі. 
Нуклеин қышқылдары 3-5% -ды құрайды. Тығыз заттардың қалған 
бөлігінің құрамында көмірсулар, метаболиттер, электролиттер және 
т.б. кездеседі. Жүйке клеткаларының ядроларында белоктар және 
барлық ДНҚ кездеседі. Адам миының әрбір диплоидты клеткасында
6 пгДНҚ (4х10
12 
Да немесе 6х10
9
нуклеотидтер жұбы) болады. 
Ядрошықта су тапшы (30%), белоктар көп, РНК-лар бар. Ном 2 


515 
Цитоплазма тығыздығы ядромен салыстырғанда 1,5 есе жоғары 
болады. Ядрошықтың барлық белоктарының төрттен бірі РНҚ-мен 
байланысқан және белоктардың бұл бөлігі тығыз аймақта, ядро 
қабығына іргелес жақын және Ниссль денелері түрінде (РНҚ мен 
ақуыздардан тұрады) шоғырланған. Орташа РНҚ/ДНҚ қатынасы 
(паренхималық жасушаларда 2-4,5), 50-ге жетуі мүмкін.
Мидың моторлы нейрондары мен жұлын ганглийлерінің бір 
клеткасындағы РНҚ мөлшері 500–2500 пг жетеді. РНҚ-ның басым 
бөлігі рРНҚ үлесіне тиесілі болуы нейрондардағы белок
синтездейтін 
күшті 
рибосомальдық 
аппараттың 
болуымен 
байланысты. мРНҚ-ның жартысынан көбі мида ғана тән формалар.
Липидтер құрғақ заттардың 50% құрайды және негізінен 
митохондрияларда, микросомаларда және Ниссль денелерінің 
арасындағы кеңістікте орналасады.
Дендриттер құрамы клетка денесінің құрамына жақын, бірақ 
олардағы тығыз заттардың мөлшері әлде қайда төмен.
Аксондар плазмасындағы тығыз заттардың мөлшері одан да аз, 
Ниссль денелері болмайды, аксондардың ұштарында көптеп 
кездесетін митохондриялар да аз. Жүйкелердің миелинді қабықтары 
көп қабатты түзілімдер болып табылады. Олардың әрбірі кезектесіп 
орналасқан белок және липидті қабаттардан тұрады.
Құрғақ салмағына шаққанда миелиндегі липидтердің мөлшері 70-
80%, ал белоктар 20-30%. Миелин липидтері ми липидтерінің 
шамамен 65%-ын құрайды. Жетілген миелин құрамындағы 
холестерин, фосфоглицеридтер, галактолипидтердің арақатынасы: 
4:3:2-ге тең. Фосфоглицеридтерден - фосфатидилетаноламин басым 
болса, басым галактолипидтерден – цереброзидтер басым келеді.
Миелин қабығында екі ерекше белок кездеседі. [34]. 
1. Негізгі белок (миелин белогының 30%), бұларды кейбір 
жануарларға енгізгенде энцефалит ауруын тудыруы мүмкін. 
2. Протеолипидтер (миелин белогы 50%), бұлар суда ерімейді,
(липидті компоненттер мен гидрофобты аминқышқылдарының көп 
болуына байланысты), бірақ хлороформ:метанол қоспасында ериді.

Ми тінінің тағы бір ерекшелігі, бұнда басқа тіндерге қарағанда 


бос амин қышқылдары өте көп болады. 
Бұлар, ақ қан плазмасынан активті тасымалдану арқылы өтеді, 
әсіресе, ароматты амин қышқылының және ми тініне өте қажетті 
биогенді аминдердің түзілуіне жұмсалады. 


516 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет