П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет41/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2
29-сабақ. Туынды табу ережелері 27.02.2023ж. 10-сынып
Әрекет туралы 
гіедагогикалық болмысты оның заңдылықтары-
білімнің ерекшеліктері 
мен ғана байланыстыра сипаттау жеткіліксіз.
ІІедагогикалық теория дегеннің өзі - озіндік 
мақсат емес. Әлеуметтік институт ретіндегі білім беру жүйесінде ол белгілі бір 
рөл атқарады, яғни практикалық әрекетті қайга қүру мен жетілдірудің негізі 
болып қызмет етеді. Педагогика білім беру үрдісінің өмірдегі жайын 
зерделейді және әрекеттің жаңа жүйелерін жасайды.
Бүл жүйені қүрайтын білімдерде болмыстың көрінісінің ерекше түрі 
элеуметтік норма
іске асады. Әлеуметтік нормалар педагогикалық болмыс-


34
I бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері
тағы мәнді ғана сипаттап қоймайды, сондай-ақ, болуға тиісті белгілі бір 
әрекеттерді жазып көрсетеді және білімнің ерекше, үшінші түрін қүрайды.
Бүл мәнді көрсететін теориялық және эмпирикалық білімдерден айырма- 
шылығы бар нормативтік білімдер. Оларға жататындар: жалпы және жеке 
нүсқаулар, әрекетке керек жазылымдар: үстанымдар, ережелер, үсыныстар 
және т.б. Нормативтік білімдер, сондай-ақ, практикалық әрекеттің әдістеріне 
(мысалы, оқыту мен тәрбиелеудің), стандарттарға, бағдарламалар мен оқу- 
лықтарға, студенттердің курстық және дипломдық жүмыстарына қойылатын 
талаптар ретінде де көрініс табады.
Сонымен, педагогикалық әрекет туралы ғылыми білімдердің бүкіл жиын- 
тығының бейнесі екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа болмыс қандай болса, сол күйінде бейнеленетін білімдер 
жатады. Бүл білімдер шын жүріп жатқан педагогикалық үрдіс туралы. Екінші 
топ - нормалар, әрекетті реттеушілер. Бүл осы үрдістің мақсаты мен қызмет 
жасау шарттарына сәйкес оны қалай жоспарлау, іске асыру және жетілдіру 
туралы білімдер.
Аталған білім топтарын ажырату мен жоғарыда айтылғандай, педагогика 
ғылымының өз қызметтерін жүзеге асыру ерекшеліктері байланысты болып 
келеді. Педагогика ғылыми-теориялық қызметін атқара отырып, эмпирикалық 
және теориялық білімдер алады, ал қүрастырушылық-техникалық қызмет 
нәтижесінде нормативтік білімдерге қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет