Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет44/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Тыныс алу жүйесі

сырқаттанған науқастарды зерттеу әдістері
Шағымдары: Тыныс алу жүйесі зақымданған науқастардың негізгі шағымдары: жөтел, қақырық бөліну, қан қақыру, өкпеден өан кету, ентігу, тұншығу, кеуде тұсында ауырсыну. Өте жиі басқа ауруларда кездесетін симптомдарда кездеседі: қалтырау, әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі.

Жөтел – тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе бөгде зат түскенде пайда болатын рефлекторлы сақтану акт.

Жөтелді сипаттағанда оның ырғағына тембіріне, пайда болатын уақытына, түріне және оған тіркеспе құбылыстарға көңіл бөлу керек.



Ырғағына қарай жөтел: тұрақты және ұстамалы болып екі түрге бөлінеді. Тұрақты жөтел созылмалы бронхитте және көмей өкпенің созылмалы ауруларында және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде кездеседі.

Ұстамалы жөтел көкжөтелде, жоғарғы тыныс жолдарына бөтен зат түскенде және тыныс демікпесінде кездеседі.



Тембіріне қарай жөтел:

  1. Қысқа және жәй жөтел құрғақ плеврит пен крупозды пневмонияда болады (шаншудан сақтанып науқас қысқа жөтеледі).

  2. Қатты «үріп жөтелу» - көмей жарақаттанғанда, кенірдек қысылып қалған жағдайда (ісік, жемсау), жалған дауыс желбезезектері ісінгенде және истерияда кездеседі

  3. Қарлыққан жөтел дауыс желбезектері қабынғанда байқалады.

  4. Дыбыссыз жөтел - дауыс желбезектерінде жара барда, олар ісінгенде және жалпылай өте әлсірегенде кездеседі.

Мезгіліне қарай жөтел:

1. Ертенгі жөтел қуыс синдромы болатын ауруларда кездеседі, «бронхтың ертеңгі дәреті» деп аталады.

2. Кешкі жөтел бронхитпен пневмонияда кздеседі


  1. Түнгі жөтел туберкулезде, лимфогранулематозда және ісіктерде байқалады. Ол түнге қарай кезбе жүйке талшығының сезімталдығы артатындығына байланысты.

Түріне қарай жөтел:

  1. Құрғақ (қақырықсыз) ларингитте, құрғақ плевритте, бронхиттің бастапқы кезеңінде

  2. Ылғалды жөтел (қақырықты) пневмонияда және секрет бөлінетін жағдайларда.

Қақырық бөлу. Қақырық - тыныс жолдары арқылы сыртқа шығатын патологиялық сұйық зат. Бұл шағымды жіктей отырып, қақырықтың қай мезгілде көп бөлінетінің, қақырық бөлуге жалғасатын қубылыстарды, қақырықтың мөлшерін, түсін, иісін және түрін анықтау керек.

Қақырықтың көп бөлінетін мезгілі жөтелдің көбейетін кезіне сәйкес келеді. Мөлшеріде ауруға қарай әр түрлі болады. Бронхит пен пневмонияда қақырық онша көп емес. Өкпеде патологиялық қуыс пайда болатын ауруларда қақырық өте көп түседі - өкпе абсцессі өкпе гангренасы, бронхоэктазия ауруы.

Қақырықтың түсі де әр түрлі: түссіз қақырық - бронхитте, бронхопневмонияда; жасыл сарғыш түсті қақырық-ірінді ауруларда; қызғылт түс – туберкулезде, өкпе рагында; таттасқан түс (темір тотығы түс) - крупозды пневмонияда; қара түс - өкпеге көмір шаңы тұңғанда.

Қақырық түріне қарай кілегейлі(/шырышты), ірінді, ұйыма және қанды болып бөлінеді. Кілегейлі қақырық бронхит пен пневмонияда кездеседі. Іріңді қақырық өкпе абсцессімен гангренасында, бронхоэктазияда, плевра эмпиемасында.Үйыма жабысқақ қақырық – бронх демікпесінде; түсі қызғылт, көпірген сұйықтық - өкпе шеменінде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет