Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет5/23
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#168979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дип.-«Алаш»-партиясының-құрылуы
Asimov, Isaac - A Short History of Biology - 1964, Jolly phonics 6
Ақмола облысы
Омбыда областной "Алаш" партиясының комитеті ашылғандығы "Қазақта" жазылған комитетке сайланған адамдар:
Асылбек Сейітұлы, М.Жұмабайұлы, М.Саматұлы, Қ.Кәкенұлы, т.б. "Алаш" комитеті өр уезге учредительное собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде "Алаш" комитетін ашты.
"Қазақ" газеті. 1917. № 254. (аталған газеттің тілшісі).

"Алаш" партиясы.


"Семейде областной "Алаш" партиясының комитеті ашылған хабарын жазды..
"Алаш" партиясының Семейде уақытша областной комитеті ашылды. Комитетке кірген кісілер: Ә.Ермекұлы, Р.Мәрсекұлы, И.Әлімбекұлы, А.Қозыбағарұлы, Тұрағұл Құнанбайұлы, Ә.Бөкейханұлы т.б. комитеттің председателі Қалел Ғаппасұлы, Жолдас Ахметжан Қозыбағарұлы, секретары Сыдық Дүйсенбайұлы, қазынашысы Данияр Бөкейханұлы деп жазылған. "Қазақ" газеті .1917. № 253.
"Алаш" партиясы.
"Алаш" партиясының Орынборда Тургайский областной комитеті ашылды. Комитетке Орынборда тұратын он қазақ және 4 уезден қазақ, барлығы он төрт адам сайланды. Орынбордағы ағзалар: А.Бірімжанұлы, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханұлы, Е.Омарұлы, .Жәнібекұлы, М.Дулатұлы,
Ғ.Жүндібайұлы, С.Досжанұлы, Т.Шонанұлы,(ЬІрғыздан), Е.Нұрмахамбетұлы (Ақтөбеден) Мырзағазы Есполұлы (Қостанайдан). Алаш партиясының областной комитет председателі Әлихан Бөкейханұлы, серігі Ахмет Байтұрсынұлы, секретары Міржақып Дулатұлы, қазынашысы Жанұзақ Жәнібекұлы.
"Алаш" партиясының ағзалық жарнасы бір сом деп жазылған.
"Қазақ" газеті. 1917. № 250.
"Алаш" партиясы
"Алаш" партиясына кіруге қазіргі шарт:
"Кіндік комитетінің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дәл орындайтын "Алаш" партиясының программасын жөн көрген адам кіреді",- дейді.
"Қазақ" газеті .1917. № 253.

"Түрік —татар қамқоры"


"...14 ноябрьде Омбыдағы "Алаш" партиясының областной комитетінен мынадай телеграмма алдық:
"Алаштың" дұшпандары "Алаш" партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жұр. "Қазақта" алаш партиясының жобасы басылып шықса екен".
"Қазақ" газеті. 1917. 12-ноябрь. № 28.

"Алаш" партиясының қоғамдық қызметі.


Партия тарихына қатысты келесі бір мәселе әрине оның қоғамдық қызметі. "Алаш" ұйымдық тұрғыдан қалыптасып үлгірмей-ақ жалпыресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау шарасына қызу араласып кеткен еді. Оның бұл саладағы қызметі мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, "Қазақ және осы 1917 жылдан бастап шыға бастаған "Сарыарқа" (Семей),
"Бірлік туы" (Ташкент) және "Ұран" (Орал) газеттері партияның бағдарламалық міндеттерін, оның атынан депутаттыққа ұсынылған адамдарды халыққа таныстырып жатты. Екіншіден, өзін осы партияның мүшесі санаған оның облыстардағы активистері қазақ комитеттерінің қолдауымен ел арасында үгіт жұмысын жүргізді (26).
Мәселен, "Қазақ" газетіне Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау шарасына дайындық барысы туралы Ақмола облыстық "Алаш" партиясы комитетінен мынадай хабар келіп түседі: "Алаш" комитеті әр уезге Учредительное Собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде "Алаш" комитетін ашты. Жұрттың бәрі "Алаш" атынан шыққан депутаттарға тас саламыз, онан басқаның бізге керегі жоқ деп бата қылысып тұр(27). ("Қазақ". 1917. №255).
Семей облысындағы сайлауға дайындық барысы туралы "Сарыарқада" мынадай хабар басылды: "Құрылтай сайлауы таянған себепті ел аңдаусыз қалмасын деп, областной қазақ комитеті Павлодар, Семей һәм Өскемен уездеріне 7 кісі шығарды. Семей уезіне шыққандар: Мұстақым Малдыбаев,
Мұхтар Әуезов, Шайхы Мұсатаев, Құрман Есенғұлов, Әшім Нұрмұхамедов Өскеменге барып, ондағы ақсақалдар азаматтарымен сөйлесіп, сайлау мәселесін түсіндірушілер шығару үшін Сыдық Дүйсембин кетті; Павлодарға да осы мақсатпен кеткендер Юсуфбек Аймаутов һәм Қаныш Сәтбаев(28).
Осындай мазмүндағы хабарлар жаңа құрылған түрлі
ұйымдардан келіп жатты. Мысалы: Семей облысы Шыңғыс
ауылындағы 35 мүшесі бар "Талап" ұйымы сайлауға байланысты
қабылдаған қаулысында, әрбір мүшесіне "көлігі жоқ кедейлерге
көлік", "шаналы түйе" ұйымдастыруды міндеттеді(29). ("Сарыарқа". 1917. №254). "Қазақ" газеті депутатыққа кандидаттарды таныстыруда мейлінше әділ, обьективті болуға тарасты. Мысалы, газет Бөкей ордасынан депутатыққа кандидат Уалидхан Танашевты таныстырап, оның заңгер, қазан университетінің түлегі, қазанда қызмет жасап, татар жұртына ұнап, оның атынан Құрылтай жиналысына депутатыққа ұсынылып отырғандығын білдіріп "Елінде көп тұрмаған соң Бөкей жұрты Уалидханды жақсы білмесе ғажап емес. Уалидхан жігерлі, таза, іскер ұлтшыл, зиялы азамат(30)" деп көрсетеді. ("Қазақ". 1917. №247).
Сайлауға дайындық барысында мынадай бір елеулі
оқиға болды. Торғай облысы бойынша депутатыққа кандидаттар тізімінде бір уезден және бір рудан шыққан көрнекті үш қазақ зиялыларының есімі аталған еді. Соған байланысты ел арасында түрлі алып-қашпа пікірлер тарайды. Мұны естіген үш кандитаттың бірі М.Дулатов "Қазақта" ашық хат жариялап, онда "Учредительное собраниеге сайланатын депутаттар да Еуропа рәсімімен сайлануға тиіс еді.
Заман рухына сай елді ұлттық бірлікке басқа да "Алаш" басшылары шақырды. Мәселен, М.Тынышбаев "Учредительное собрание" атты мақаласында "Мен ұлы жүз, сен кіші жүз, анау орта жүз демей, мен аталының баласы, бұл кіші ауылдың баласы демей, бәсекеге түспей, жұрт жолына құрбан болатын келісті адамдарымызды сайлауымыз тиіс" деп көрсетті.
Құрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында негізінен социал-революционер (эсер), социал-демократтар (большевиктер) және "Алаш" партиясы арасында жүрді. Бұл партиялардың халыққа ықпалы қалаларда, көсіпорынды жерлерде және ауыл-селолық мекендерде әрқалай болды. Бұл арада мұндай күрделі мәселегше кең тоқталу мүмкін болмағандықтан аталған партиялардың қазақ жұрты арасындағы қызметіне қатысты өз тұжырымдамамызды келтірумен шектеледі.
Осы кезеңде жергілікті жағдай анағұрлым күрделі болатын. Біріншіден, 1917 жылдың екінші жартысында бүкіл қазақ облыстары көлемінде қолайсыз ауа-райына байланысты ауыл-шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды. Сырдырия, Жетісу сияқты облыстарда тіптен аштық етек алды. Бұған сол уақытқа дейінгі соғыс шығындары, саяси тұрақсыздық қосылып, қалың бұқараны әбден қаңсыратқан еді. Қайсібір аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай халі жоқ еді. Сол көңіл күйді айғақтайтын "Бірлік туы" газетінен алынған мынадай бір фактіге назар аударалық: "Жақында астық іздеп елден келген бір кісі басқарушымызға кіріп мына сөзді айтты: "Шырақтарым оқығандар, осы күні ел-жұрттың халі нашар. Елдің барлық үміті комитеттерде, һәм оларда қызмет етіп жүрген өздеріндей оқығандарда(ЗІ). ("Бірлік туы"1917 №16).
"Алаш" партиясына мынадай сипаттама берілді:

  1. ол контрреволюциялық партия болды;

  2. буржуазиялық-ұлтшылдық бағыт ұстанды;

  3. бай феодалдар мен мұсылман дінбасыларының мүдделерін білдірді;

4) исламшылдық пен түрікшілдік идеологиясын уағыздады.
Қазақтың "Алаш" саяси партиясының аталған сипаттамасы Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ коммунистік
партияның қырағы идеологиялық бақылауымен қалыптастырылған болатын. "Алаш" партиясының жобасы, оның
идеологиясы, ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты барлық
құжаттарда "Алаш" саяси партиясы қазақ халқын феодалдық
тәртіптерге тартқан кертартпа ұйым ретінде "Ғылыми"
негізделген түрде дәлелденіп, түсіндірілді.
Коммунистік партия "Алаш" партиясын контрреволюциялық партия деп санады. "Алаш" партиясына берілген мұндай сипаттама шындыққа мүлде сөйкес келмейді. "Алаш" партиясы I Бүкілодақтық съезде 1917 жылғы шілдеде, яғни қазан революциясына бірнеше ай қалғанда рәсімделді. Сондықтан партияның сол кезеңдегі құжаттарында өлі жеңіске жетпеген большевиктерге қарсылық туралы сөз мүлде болған жоқ. Егер 1917 жылғы ақпан революциясына дейінгі кезеңді алар болсақ, Қазақстандағы саяси қозғалыстың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев және басқалар патшалық самодержавиеге мейлінше қас, оның еш уақытта бітіспейтін дұшпандары болды.
"Алаш" партиясы мен оның қайраткерлері қазан революциясынан кейін кеңес өкіметіне әлеуметтік-ізгілік принциптерді танымайтын халықтарды, ұлттарды таптық белгілері бойынша ғана бөлетін таптық саяси ұйым ретінде қарсы шықты. "Алаш" партиясының өз идеологиясы болды, оның мәні мүліктік айырмашылықтарына қарамастан, бүкіл халықтың мүдделері бірдей екендігін мойындауға саятын.
"Алаш" "буржуазиялық - ұлтшылдық партия" болды деген большевиктік тезис, біздің пікірімізше, екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі- "Алаш" партиясының "буржуазиялық" сипаты. 1917 жылдың ақпан революциясына дейін "Алаш" қайраткерлері Ресейдің революциялық саяси партияларының тамырын басып, аңысын аңсады(32).
"Алаш" партиясының "ұлтшылдығы да" ойдан шығарылған және халықтың оны қолдамауы үшін таяз ойлы жандарға ғана арналған еді. Ұлтшылдық- идеология, психология, әлеуметтік саясат, дүниеге көзқарас және бір ұлтты екіншісінің бағындыру саясаты, ұлттық ерекшеліктер мен астамшылықты уағыздау, ұлт араздығын тұтандыру, сенімсіздік және жанжал туғызу(33).
"Алаш" партиясы бай- феодалдардың мүдделерін білдірді деген пайымдау да—жала жабушылық. Марксизм жалпы әлеуметтік идеяларды мойындамады, ол тек таптық идеологияны ғана таныды. "Алаш" партиясы өзі пайда болған кезден бастап-ақ халықты байлар мен кедейлерге бөлмей, бүкіл қазақ халқының мүдделерін жақтады.
"Алаш" партиясына тағылған келесі коммунистік айыптау-
оның панисламшылдығы мен пантуркистігі. Ұлт-азаттық қозғалысқы қосылғандар арасында исламшылдар мен түрікшілдер болғанын теріске шығаруға бола қоймас. Бірақ "Алаш" саяси партиясы діни негізде құрылған жоқ. "Алаш" қайраткерлері исламшылдық идеясын ешқашан- мойындаған емес.
"Алаш" қозғалысының тарихына қазірдің өзінде бірсыпыра еңбектер арналғанымен, осы кезге дейін "Алаш" партиясы Бағдарламасының жобасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізілген жоқ. Ал онда қазақ халқының ұлт-азаттығы, саяси, экономикалық жағынан қайта түлеу идеясы қалыптасуының қиындыққа, қасіретке толы бүкіл жолы тайға таңба басқандай айқын көрсетілген еді.
"Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы осы уақытқа дейін өзіне дүниежүзілік ғылыми жұртшылық назарын аударып келеді десек, артық айтқандық бола қоймас. Бұл ретте Алашорда материалдарының Америка Құрама Штаттарында басылып шыққаны дәлел бола алады. Бұл құжатты алғаш орыс тіліне аударғандар большевиктер еді.
"Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы орыс тіліне кеңестік кезенде аударылып, жария етілді(34). Өкінішке орай, аударманың осы нұсқасы Алаш тарихын зерттеуде орын алған көптеген қиянатшыл пікірлерге негіз болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет