Оқушыға педагогикалық – психологиялық мінездеме Қарағанды облысы Білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің



Дата27.09.2023
өлшемі16,76 Kb.
#182764
Байланысты:
Оқушыға мінездеме


Оқушыға педагогикалық – психологиялық мінездеме

Қарағанды облысы Білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің
С.Саттаров атындағы мектеп-лицей КММ
5 “Ә” сынып оқушысы Ратова Адиля
Мінездеме.
Адиля мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады.Мектеп өміріне белсенді араласады.
Адиля мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Әпке-сіңілдеріне қамқор болып жүреді. Адиляның мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман болу.
Т әртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады. Оқу материалын қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады,оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өздігінен тапсырмаларды орындайды.
Қорытындылай келе айтарым, Ратова Адиля алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Адиля білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.


Мінездеме беруші:Табынбай Жазира

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет