Патофизиология кафедрасы бақылау – Өлшегіш қҰралдар патофизиология-1



бет37/46
Дата19.12.2021
өлшемі353,36 Kb.
#103486
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
Байланысты:
бакылау-олшегиш
520-тест-ІАП-Фельдшер-3-курс-2013ж-каз, 520-тест-ІАП-Фельдшер-3-курс-2013ж-каз, 520-тест-ІАП-Фельдшер-3-курс-2013ж-каз, 520-тест-ІАП-Фельдшер-3-курс-2013ж-каз, 520-тест-ІАП-Фельдшер-3-курс-2013ж-каз, бакылау-олшегиш, 00051716-7bea9118, Саяси партия 10 лекция
2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

1 Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауаны барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.



    1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?

    2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

    3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге борлады?

    4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ көрсеткіштерінде және қанның газдық құрамында қандай өзгерістер дамиды?

2 Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: №1 егеуқұйрықты су температурасы 10 °С аквариумға отырғызды. 5 мин. соң жануарды шығарып, барокамераға бақылау жануарымен (№2) және барокамераға дейін 10 минөт бұрын дене салмағына 2,5 мг/кг психостимулятор-фенамин ерітіндісі енгізілген егеуқұрықпен (№3) бірге отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауаны 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Тіршілік ұзақтығы (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап тыныс алуы тоқтағанға дейінгі уақыт) №1 егеуқұрықта -15 мин., №2 – 7 мин., №3 – 4 минутты құрады.

1. Гипотермия мен психостимулятор-фенамин гипоксияға төзімділікке әсер етеді ме? Бұл факторларды патофизиология терминдерінде қалай аталады?

2. Гипотермия мен психостимулятор-фенамин жануардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етті?

3. Гипобариялық гипоксияға организмнің төзімділігін төмендететін нжәне арттыратын басқа факторларды мысалға келтір.
3 10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.


    1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

    2. бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?

    3. Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

4 1946 ж. зерттеушілер Хаустон мен Рилей (АҚШ) барокамерада «Эверест операциясы» тәжірибесін жүргізді. Тәжірибеге жастары 19-27 жас аралығындағы төрс ер адам қатысты. Тәжірибенің жалпы ұзақтығы – 35 тәулік, оның 32 күнін зерттеушілер барокамерада өткізді. Барометрлік қысым біртіндеп таудағы биіктікті сипаттай отырып, алдымен күніне 600 м-ден 2400 метрге дейін, кейін күніне 300 м-ден 6000м биіктікке дейін, ең соңында күніне 150м-ден төмендетілді. 27-тәулікте зерттелушілер 6850м биіктікке жетті және бірнеше күн бойы осы биіктікте қалды, содан соң шың «штурмы» жасалынды, яғни барокамерадағы қысым 235 мм.с.б. дейін төмендетілді – бұл Эверест шыңындағы шама еді.

Алты сағаттық «штурмда» екі зерттелушіге оттегі беруге тура келді, ал екеуі өздігінен «шыңға шығып» және сол жерде жарты сағат болды.


    1. Тәжірибе жағдайларының қайсысы зерттелушілерде гипоксиялық әсерге жоғары төзімділікті қамтамасыз етті?

    2. Зерттелушілердің гипоксиялық әсерге қалыптасқан төзімділігінің әсерін қалай атауға болады және оның түзілу негізі неде?

    3. Аталған тәжірибелік жағдайларда организмнің гипоксиялық жайтқа төзімділігін арттырудың тетіктері қандай?

    4. Не себепті тәжірибенің бірдей жағдайларында зерттелушілердің гипоксиялық жайтқа зерттелушілер организмінің бейімделу дәрежесі бірдей болмады?

5 Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..

1. Аталған дертте қандай нәруыз ақаулы генмен көшіріліп отыр?

2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?

3.Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?

4. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?


6 Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).

    1. Бала қандай аурумен ауырады?

    2. Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?

    3. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?

7 Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1‑топ — XXY; 2‑топ — XXXY; 3‑топ — 0X; 4‑топ — XXX; 5‑топ — XXXX.



    1. Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?

    2. Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?

    3. Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?

    4. Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?

8 28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесінің соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тарылған, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?


9 Жаңа антибиотиктің тері эпителиіне цитотоксиндік әсерін зерттеу үшін екі тәжірибе сериясы (А және В) жасалынды.

А. Лабораториялық егеуқұйрықтарға in vivo тәжірибесінде антибиотиктің ерітіндісінің аппликаторы жануардың терісіне алты сағатқа қойылды (препараттың мөлшері емдік мөлшерден бірнеше артық!). Препараттың әсері теріні аппликатордың әсерін тоқтатқан соң 8 сағаттан кейін тірі кезінде микроскоппен қарау арқылы бағалады.әрі қарай әрбір 8 сағат сайын екі қайтара микроскоппен қаралды.

В. in vitro тәжірибесінде эпителий жасушаларының культурасын зерттелетін препараты бар ортада өсірді. Препараттың мөлшері А тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес болды. 6 сағаттан соң культураны жуып, препаратсыз ортада өсірілді. Препараттың әсерін сандық және электрондық микроскоп арқылы in vivo тәжірибесіндегідей мерзімде бағаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет