Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


қан айналымының орталықтануы



Pdf көрінісі
бет120/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

қан айналымының орталықтануы


141
деп атайды. Бұл үрдіс сілейменің қызбаланыстық сатысында 
басталады. Артынан айналымдағы қан көлемінің үдемелі 
азаюы журекке келіп түсетін қан мөлшерін азайтады, 
жүректің минөттік көлемі азаюдан артериялық қан қысымы 
төмендейді. 
Осындай 
шеткері 
тіндер 
мен 
ағзаларда 
микроциркуляция бұзылыстарынан дамитын гипоксия зат 
алмасуларының 
бұзылыстарына, 
метаболизмдік 
ацидоз 
дамуына, макроергиялық фосфорлық қосындылар түзілуінің 
азаюына әкеледі. 
Шоктың өту ауырлығы артериялық қысымның төмендеу 
дәрежесі мен жүрек соғуының жиілігімен анықталады. Оның 
жеңіл дәрежесінде систолалық қысым с. б. 90—100 мм, тамыр 
соғу жиілігі минөтіне 90—100 рет, орта дөрежесінде 
систолалық қысым с. б. 70—80 мм, пульс минөтіне 120—140 
рет, ауыр дәрежесінде — артериялық қысым с. б. 70 мм-ден 
төмен, 
пульс 
минөтіне 
120—160 
рет 
болады. 
Бірақ 
артериялық қысымның төмендеу дәрежесі әрқашан шоктың 
ауырлығын көрсетпейді. Кейде артериялық қысым қатты 
төмендемей-ақ ауыр шок байқалуы мүмкін. 
Өкпе 
жасушалары 
мембраналарымен 
байланысқан 
үрдістердің және өкпеде қан айналымының бұзылуынан оның 
вентиляциясы, перфузиясы, газдардың диффузиясы бұзылады. 
Бұл 
өзгерістер 
қанайналымдық 
гипоксияға 
тыныстық 
гипоксияның қосылуын және оның барлық зардаптарын 
туындатады. 
Бүйрек жасушаларының мембраналары бұзылуы нәтижесінде 
және бүйректе қан айналымы азаюдан оның несеп сүзу және 
несепті қоюландыру, сұйылту қызметтері бұзылады. Бұл 
кезде 
тәуліктік 
диурез 
азайып, 
олиго-анурия, 
гиперазотемия дамиды. Осыдан ацидоз күшейеді, ОЖЖ-не 
уытты әсерлер ұлғаяды. 
Жасуша мембраналарының каналдық және насостық (натрий-

калий-АТФаза, 
Са
2+
-АТФаза) 
т. 
б. 
қызметтері 
бұзылыстарына байланысты жасушаларда электролиттердің 
алмасуы бұзылады. 
Мембраналардың 
өткізгіштігі 
жоғарылайды. 
Натрий, 
кальций иондары жасуша ішіне кіріп, калий иондары сыртына 
шығып,
тін аралың сұйыққа, артынан қанға түседі. 
Гиперкалиемия
 
жүрек қызметі бұзылуында маңызды орын 
алады. Кальций иондары ет жасушаларының саркоплазмасына 
артық түсуінен жүрек сіресіп жиырылып қалады. Қанда 
адреналиннің, ацетилхолиннің және әртүрлі биогендік 
аминдердің деңгейі көтеріледі. Тіндерде және қанда 
холинэстеразаның әсерлілігі төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет