161
Қантты диабет кезінде кетоацидоз
дамуының екінші бір
патогенездік
жолы
болып,
ол
кездегі
инсулин
мен
липокаиннін жеткіліксіздігі есептеледі.
Бауыр аурулары кездерінде оның гликоген түзу қызмегі
бұзылуы бауырға май қышқылдарының көптеп тасымалдануына
әкеледі. Бұл кезде кетондық денелердің түзілуі олардың
тотығуынан тым асып кетеді. Осыдан кетоз және бауырдың
майлық инфильтрациясы дамиды.
Сонымен
бірге,
майлардың
ыдырауы
нәтижесінде
қанықпаған май қышқылдары (арахидон, линол, линолен
қышқылдары)
пайда
болады.
Әдетте
олар
иммундық
реакцияларды, гемостазды, жүкті
әйелдердің босануын және
жасушалардың өсіп-өнуін қадағалайды. Арахидон қышқылы
циклоксигеназа ферментінің әсерінен ыдыраудан организмде
простагландиндер,
простациклиндер
мен
тромбоксандар
түзіледі.
Простагландиндер қан тамырларын кеңітеді және иммундық
тежегіш
ретінде
әсер
етеді.
Олар
макрофагтардың
белсенділігін, антиденелер мен цитокиндердің түзілуін
тежейді.
Тромбоксандар
тромбоциттердің
адгезиясы
мен
агрегациясын ұлғайтады. Сондықтан олар көбейіп кетсе қан
тамырларының ішінде тромбылар құрылуына қолайлы жағдай
болады.
Простациклиндер
тромбоциттердің
адгезиясы
мен
агрегациясын төмендетеді. Сол себептен қанның тамыр
ішінде сұйық күйінде сақталуы болады.
Егер олардың
деңгейі көтеріліп кетсе, онда әртүрлі ағзалардан қан
кетулер болуы мүмкін.
Қан
лейкоциттерінде,
өкпе
жасушаларында,
лаброциттерде,
қан
тамырларының
адвентициялық
жасушаларында арахидон қышқылы липоксигеназа ферментімен
ыдыратылуынан
лейкотриендер
түзіледі.
Олар
бронхиолалардың
тегіс
еттерін
жиырьш,
бронхоспазм
туындатады. Сонымен бірге лейкотриендер жүрекке теріс
әсер етеді, коронарлық қанайналымды бұзады,
миокардтың
инфаркты дамуына әкеледі.
Май қышқылдары әртүрлі (иондағыш сәулелердің, химиялық
заттардың,
жарақаттың,
жан-дүниелік
күйзелістердің,
стрестік жағдайлардың) әсерлерден еркін радикалды тотығу
үрдісіне
ілігеді.
Осыдан
май
қышқылдарының
асқын
тотықтары мен гидроксил топтары пайда болады, олар ішкі
ағзалардың (ми, жүрек, бүйрек т.с.с.) жасушаларының
мембраналарының
бүліністеріне
әкеледі
(жасуша
патологиясын қараңыз).