493
сыртындағы сұйықпен алмасу, оттегін,
қоректік заттарды
сору,
зат
алмасу
өнімдерін
шығару,
су
және
электролитгермен алмасу өтеді. Жасушаның жалпы көлемі
үлкейгендіктен оның орталык, бөліктерінің, көрсетілген
үрдістермен қамтамасыз етілуі бұзылады (-сурет);
- сурет. Бұлшықет талшықтары мен қылтамырлардың
сызбанұсқасы.
1 – жаңа туған нәрестенің жүрегі, 2 – ересек адамның
жүрегі, 3 – гипертрофияға ұшыраған жүрек. Астыңғы суретте
ет
талшықтары, қылтамырлар мен жүйке талшықтарының
арақатынасы сау жүрек пен гипертрофияға ұшыраған жүректе
салыстырылып келтірілген.
♣ жүрек ет жасушаларының үлкеюінде, қозу үрдісіне
жиырылу-босаңсу үрдістерінің ілесуінде маңызды қызмет
атқаратын, түтікше жүйелер мен саркоплазмалық торшаларының
үлкеюі кеміс қалады да, кардиомиоциттердің жиырылу және
босансу үрдістері бұзылады.
Өйткені саркоплазмаға Са
2
иондарының өтуі баяулайды да, еттің жиырылу күші
әлсірейді,
ал
Са
2+
иондарының
саркоплазмадан
саркоплазмалық торшаларға тасымалдануы қиындағандықтан ет
талшықтарының
босаңсуы
бұзылады.
Осының
нәтижесінде
кардиомиоциттердің сіресіп жиырылып қалуы байқалады;
♣ ет талшықтарының гипертрофиясы дамыған сайын
митохондрийлардың үлкеюі кеміс қалады. Оларда ңұрылымдық
өзгерістер пайда болады да, тотығулық фосфорлану бұзылады.
Осыдан гипертрофияға ұшыраған жасушалардың энергиямен
қамтамасыз етілуі нашарлайды;
♣ ет талшықтарының ұлғаюы қан қылтамырларының сәйкес
өсуімен қабаттаспайды. Сондықтан гипертрофияға ұшыраған
миокардтың қан тамырларымен қамтамасыз етілуі бұзылады;
♣ ет талшықтарының гипертрофиясы кезінде жүйке
талшықтарының өсуі байқалмайды. Осыдан жүрек жасушаларына
жүйкелердің
трофикалық
әсері
бұзылады,
миокардта
норадреналиннің
мөлшері азаяды, жүректің жиырылу қабілеті
әлсірейді. Содан жүрек етінің дистрофиясы болып, жүректе
фибробластардың артық өсіп-өнуі дәнекер тін өсуіне
494
әкеледі.
Осы
көрсетілгендердің
нәтижесінде
жүрек
қызметі
біртіндеп әлсірейді, үдемелі кардиосклероз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: