Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен



Pdf көрінісі
бет83/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен: 
♣ 
иммундық 
жүйенің, 
әсіресе 
оның 
гуморалдық 
тетіктерінің, қалыптасуы мен дамуы жеткіліксіз болуынан 
жас балалар жұқпалы және вирустық аурулармен аурушаң 
келеді. Сонымен бірге жаңа туған нәрестелерде, әсіресе 
шала 
туған 
балаларда, 
төзімділіктің 
арнайыланбаған 
тетіктері де жетілмейді. Мәселен, олардың қанының 
бактерицидтік қасиеті төмен болады. Туғаннан кейінгі 
алғашқы 
апталарында 
олардың 
қанында 
лизоцим 
және 
комплемент өте аз болады. Сондықтан терісінің тосқауылдық 
қызметі біршама болғанына қарамай, олардың денесінде 
бактериялар тез өсіп-өніп кетеді. Оларда фагоцитозда жиі 
аяқталмаған 
болады, 
екі 
жасқа 
дейінгі 
балаларда 
интерферон өте аз мөлшерлерде өндіріледі. 


100
♣ жаңа туған нәрестелердің алғашқы екі айларында 
аллергеннің 
әсеріне 
елеулі 
аллергиялық 
серпілістер 
байқалмайды. Оларда аллергиялық серпілістер ішек-қарын 
жолдарының бұзылыстарымен (құсумен, іш өтулерімен), 
дерматиттер дамуымен көрінеді. 
Ересек организмде жүйке жүйесінің толық дамуымен, 
тосқауылдық 
жүйелердің 
(тері, 
шырышты 
қабықтары, 
гематоэнцефалиялық, 
гистогематикалық 
тосқауылдар, 
лимфалық түйіндер т. б.), антидене өндіру және басқа 
қорғаныстық 
мүмкіншіліктердің 
жақсы 
жетілуімен 
қабаттасады. 
Қартайған жаста организмнің жұқпаларға төзімділігі 
қайтадан төмендейді. Өйткені олардың жүйке жүйесінде зат 
алмасулары өзгереді, тосқауылдық жүйелердің қызметтері 
әлсірейді, антидене өндіру қабілеті және дәнекер тіндері 
жасушаларының фагоцитоздық қызметтері азаяды. Мұның 
барлығы жүйкелік-эндокриндік және иммундық жүйелердің 
жасқа 
байла-нысты 
кері 
дамуынан 
болады. 
Мәселен, 
қарттарда 
көптеген 
шырышты 
қабықтарының 
іріңді 
қабынулары, 
вирустардың 
әсерлерінен 
дамитын 
тұмау, 
энцефалиттер т.с.с. жиі байқалады. Бұл аурулар қан 
тамырларының 
атеросклероздық 
өзгерістерімен,
 
гипертензиялық аурумен, ас қорыту жолдарының созылмалы 
дерттерімен қабаттасып өтеді.
Қарт адамдардың реактивтілігінің ерекшеліктеріне: 
● бір басында көптеген аурулардың болуы; 
● ауру белгілерінің көбінесе жасырын түрде өтуі; 
● аурудың созылмалы түрде өтуі; 
● ауру кезінде икемделу-бейімделу жүйелерінің тез 
қалжырауы; 
● иммундық жүйесінің жеткіліксіздігі - жатады. 
Даралық реактивтілік адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет