Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


жынысына  байланысты  болады.  Ер адамдарда



Pdf көрінісі
бет84/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

жынысына 
байланысты 
болады. 
Ер адамдарда
атеросклероз, коронаросклероз, 
миокард инфаркты, гипертензиялық ауру, асқазан мен 
ұлтабардың ойық жаралары, подагра, маскүнемдік т.б. жиі 
кездеседі. 
Әйелдерде
эндокриндік жүйелердің аурулары, 
құздама, өт-тас ауруы, ішектер мен тері аурулары т. б. 
жиі кездеседі. Сонымен қатар әйелдер ашығуға, қан кетуге, 
гипоксияға, организмнің сусыздануына төзімдірек келеді. 
Өмірдің орташа ұзақтығы әйелдерде, еркектерге қарағанда, 
біршама ұзақ. Мұндай жынысқа байланысты реактивтілікті, 
барлық тіршілік үрдісгеріне әсер ететін, гормондық 
жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. 
Организмнің реактивтілігіне тұқым қуалаушылық пен дене 


101
бітімінің 
ерекшеліктері 
үлкен 
әсер 
етеді 
(сәйкес 
тақырыптарды қараңыз). 
Қорыта келгенде, организмнің реактивтілігі дерттің 
пайда болу себептік байланыстарымен (этиологиясымен) және 
оның даму жолдарымен (патогенезімен) тығыз байланысты. 
Сол себептен оны көтермелеу арқылы алдын-ала кейбір 
ықпалдарға жаттықтырып көптеген аурулардың дамуынан 
алдын-ала сақтандыруға болады. 
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Тектік ақпараттардың өзгерістерінен дамитын ауруларды 
тұқым қуатын аурулар дейді. Оларды туа біткен аурулардан 
ажырату қажет. Туа біткен аурулардың ішінде тұқым қуатын 
және тұқым қумайтын (ұрық дамуы кезіндегі ақаулар мен 
туы
лу 
кезіндегі жарақаттар және кесапаттардың нәтижесінде 
дамитын) аурулар болулары мүмкін. Сонымен бірге кейбір 
тұқым қуатын аурулар (Гентингтон хореясы, бұлшық еттердің 
дистрофиясы) тек адам кемелденген шақ кездерінде ғана 
дамиды. Сондықтан оларды туа біткен ауруларга жатқызуға 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет