Пба-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері үшін жабдыққа қандай талаптар қойылады?


Қолғап киілген қолды костюмнің әрбір бөлігін шешкеннен кейін дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып, костюмді мынадай тәртіппен шешеді



бет11/23
Дата12.12.2023
өлшемі132,26 Kb.
#196558
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Қауіпсіздіктің-www.emirsaba.org
Тест Математика 6 сынып , ТЖБ ҚАЗАҚ ТІЛІ, Презентация «Ішкі аурулар пропедевтикасы»-www.emirsaba.org

Қолғап киілген қолды костюмнің әрбір бөлігін шешкеннен кейін дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып, костюмді мынадай тәртіппен шешеді:

    1. етік немесе галошты жоғарыдан төмен қарай дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған мақта тампонмен сүртеді, сүлгіні шығарады;


    2. егер олар жұмыс барысында қажет болса, жеңқаптарды және қолғаптың екінші жұбын шешеді;


    3. етікті шешеді;


    4. дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонмен костюмде болған жағдайда алжапқышты сүртеді, сыртқы бетін ішіне қаратып бүктеп шешеді;


    5. көзілдірікті екі қолмен алға, жоғарыға қарай және басының артына тартып шешеді;


    6. мақта-дәке масканы оның сыртқы жағын бетке тигізбей шешеді;


    7. қолғапты шешеді (қолғаптың тұтастығы сақталмағанына күдік болған кезде оларды дезинфекциялық ерітіндіде тексереді (бірақ ауамен емес);


    8. қорғаныш костюмді шешкеннен кейін қолды 70 пайыз спиртпен өңдейді, содан кейін сабынды сумен мұқият жуады;


    9. халаттың жағасындағы байламды, белдікті шешеді және қолғаптың жиегін төмен жіберіп жеңнің байламдарын ағытады, халатты сыртқы бетін ішіне қаратып орап шешеді;


    10. үшкіл орамалдың жиектерін бір қолмен желкеге жинап, абайлап шешеді.


    1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау қандай принциптермен жүзеге асырылады?



Қоршаған ортаны қорғау мынадай негізгі қағидаттарды сақтау негізінде жүзеге асырылады:
  • адам өмірі мен денсаулығын қорғау, халықтың өмірі, еңбегі мен тынығуы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру басымдығы;


  • Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында орнықты дамуға көшуі және адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңгерімді шешу;


  • экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;


  • табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру, табиғат пайдалану төлемақысын кезең- кезеңімен енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу;


  • ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық әртүрлілікті және қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;


  • мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастығы;


  • қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, үйлестіру, қызметінің заңдылығы мен жариялылығы;


  • шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері кезінде өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыру міндеттілігі;


  • қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал әсерді бағалау;


  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының белсенді және демократиялық қатысуы;


  • халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет