Педагогика факультетінің деканы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет6/18
Дата18.05.2017
өлшемі3,06 Mb.
#16336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1.Педагогика әдіснамасының мәні неде?

2.Әдіснамалық білімнің деңгейлерін атаңыз, олардың педагогикадағы спецификасын көрсетіңіз?

3.Ғылымның әдіснамасы деген не?

4.Педагогика ғылымы - әдіснаманың іс-әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай?

1. Неліктен педагогиканың жаңа әдіснамасын жасау қажеттілігі туындайды?

2. Білім берудің гуманистік философиясының мәні неде?

3. Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде аксиологиялық тұрғыны қолданудың спецификасы қандай?

4. Аксиологиялық принциптерді атаңыз, оларды педагогикада қолдануды көрсетіңіз.
4 дәріс тақырыбы: Педагогикадағы мақсат қою.

Мақсаты: педагогикада мақсат қоюдың ерекшелігін түсіндіру

Тірек ұғымдар: мақсат, міндет, т.б.

Жоспары:

1. Тәрбиенің мақсаты.

2. Тәрбиенің міндеттері.

1. Кез-келген тәрбие мақсатты түрде жүргізіледі. Мақсатқа мазмұн, ұйымдастыру, тәрбиенің формалары мен тәсілдері бағынышты. Сондықтан, педаогикадағы тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды мәселе.

Тәрбиенің жалпы және жеке мақсаттарын белгілейді. Жалпы мақсаты - барлық адамдарға тән, қалыптасуы қажет қасиеттерді белгілесе, жеке мақсат тек бір адамды тәрбиелеуде ғана белгіленеді. Дамушы педагогика ғылымы жалпы және жеке мақсаттарды біріктіре қарастырады.

Практикада мақсат - бұл нақты міндеттер жүйесі. Мақсат және міндет өзара тұтастық және бөлік, жүйе және оның компоненттері ретінде байланысты болады. Сондықтан, тәрбиенің мақсатын - тәрбие арқылы шешілетін міндеттер жүйесі деп анықтауға болады.

Мақсат - тәрбие жүйесінің анықтаушы сипаттамасы. Мақсат арқылы тәрбиелік жүйелер бір-бірінен ажыратылады.

Тәрбиенің мақсаты қалай пайда болған? Олардың қалыптасуында көптеген объективті факторлар көрінеді:


  • ағзаның физиологиялық жетілу заңдылықтары;

  • адамдардың психикалық дамуы;

  • философия, педагогика ғылымдарының жетістіктері;

  • қоғамдық мәдениеттің дамуы.

Басты факторы - идеология, мемлекеттің сасясаты. Сондықтан, тәрбиенің мақсаты саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің жеке бастарына бағынышты болды. Соңғы уақытта тәрбиенің мақсаты саясат пен идеологиядан тәуелсіз дамуда.

Педагогиканың тарихы - тәрбиенің мақсатының пайда болуы, дамуы, жүзеге асуы мен жойылудың тізбегі.

Тәрбиенің мақсатын анықтау маңызды себептермен анықталады. Олар:


  • Қоғамдық қажеттіліктері. Олар өндіріс тәсілдерімен анықталады, яғни өндірісітік күштердің даму деңгейі мен өндірістік қарым-қатынастар сипаты арқылы.

Сондықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамының қол жеткізген даму дамуын көрсетеді. Осы байланысты бекіту үшін тәрбиенің мақсатының қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастарға байланысты өзгеруіне шолу жасасақ. Тарихта бес қоғамдық-экономикалық формация бар:

    1. Алғашқы қауымдық құрылым

    2. Құл иеленушілік

    3. Феодалдық

    4. Капиталистік

    5. Посткапиталистік.

Алғашқы қауымдық құрылымда таптың бөлінуі болмағандықтан,

балалардың бәрі бірдей еңбекке дайындалған; аң аулау, балық аулау,

киім кешек тігу. Бұнда тәрбие адамның өмір сүруін қамтамасыз ету

әрекеттерін үйренумен шектеледі. Мақсаты - адамды тірі қалу тәжірибесімен қаруландыру, яғни күнделікті өмір сүруге қажет білім

және дағды қалыптастыру. Арнайы тәрбиелік ұйымдар болмады, мектептер жаңадан пайда болды.

Құл иеленушілік қоғамда тәрбие мемлекеттің ерекше функциясына

айналады. Тәрбиемен айналысатын арнайы орындар пайда болды. Екі түрлі топтың пайда болуы (құл иеленушілер мен құлдар) тәрбиенің мақсатына өзгерістер енгізді. Ол дуалистік сипатқа ие болды. Құл иеленушілер балаларын тәрбиелеудің мақсаты - оларды өнер, ғылым саласына дайындау, басқа елдерді бағындыру және олардың байлығын тартып алу үшін жаулап алу соғыстарын жүргізуге және өз мемлекетін қорғауға үйрету болды. Ал құлдар балаларының тәрбиесі - оларды қожайының бұйрығын орындауға дайындау. Бұл балаларды бағыну мен бой ұсынушылыққа тәрбиелеген. Өндірістік қарым-қатынастар тәрбиенің мақсатын белгілеп тұр. Таптық бөлінуге сәйкес өмір сүруге дайындық, көзқарастың қалыптасуы мен психологиясының дамуы жүргізілді.



Феодалистік кезеңдегі басты таптар - феодалдар және шаруалар. Тәрбиенің мақсаты екі түрлі феодал балаларына - рощарлік (жауынгерлік) тәрбие болса, шаруа балаларына - ашық аспан астындағы еңбек тәрбиесі.

Капиталистік кезеңдегі таптар - буржуазия және пролетариаттар. Өндірістің дамуы білімі бар жұмысшыларды қажет етеді. Сондықтан, басқарушы тап жұмысшыларға арналған оқу ұйымдарын ұйымдастыруға мәжбүр болды. Буржуаздар өз балаларына мемлекетті басқару, экономиканың дамуын бағыттау, қоғамды анықтау сынды білім береді. Жеке ерекшеленген оқу ұйымдарын ашады. Осы классикалық капитализмнің орнына посткапиталистік (нарықтық, демократиялық) кезең келеді. Бұл құрылымға өндірістік және қоғамдық қарым-қатынастың жоғары даму деңгейі тән.

Бұдан басқа тәрбиенің мақсатына мына факторлар әсер етеді:



  • ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің қарқыны;

  • қоғамның экономикалық мүмкіншіліктері;

  • педагогикалық теория мен практикалық даму деңгейі;

  • оқу-тәрбие ұйымдары, мұғалімдер, тәрбиешілердің мүмкіндіктері.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі тәрбиенің мақсаты - тұлғаның ақыл-ой, құлық, эмоция және дене дамуына мүмкіндік туғызу; оның шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып дамыту; гуманистік қарым-қатынасын қалыптастыру; баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оның дербестігін, даралығын дамыту.

2. Ақыл-ой тәрбиесі тәрбиешілерді ғылымның негізгі жайындағы біліммен қаруландырады. Ғылыми білімді меңгеру барысы мен нәтижесінде ғылыми көзқарастың негізі қаланады. Көзқарас дегеніміз - адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, танымға деген пікірлер жүйесі. Көзқарастың қалыптасуы - бұл қоғам мен табиғат құбылыстарын жете түсіну, оларды саналы түрде түсіндіру, оған өзінің қатынасын, ойын белгілеу. Бұл адамның логикалық ойлауын, есте сақтуын, зейінін, қиялын, танымдық әрекетін дамытады.



Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

  • ғылыми білімнің белгілі-бір бөлігін меңгеру;

  • ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

  • ақыл-ойдың күшін, қабілеттері мен таланьын дамыту;

  • танымдық әрекетін дамыту,

  • танымдық белсенділігін қалыптастыру;

  • білімін әрдайым жетілдіруге қажеттілігін дамыту.

Дене тәрбиесі барлық тәрбие жүйелерінің ажырамас бөлігі. Қазіргі

Қоғамға дені сау, еңбек етуге дайын тұлғаны қажет етеді.

Дене тәрбиесінің міндеттері:


  • денсаулығын нығайту; дұрыс дене дамуын қамтамасыз ету;

  • ақыл-ой және дене еңбегін дамыту;

  • табиғат қозғалғыш қасиеттерді және жетілдіру;

  • жаңа қозғалыс, еңбекке үйрету;

  • басты қозғалғыш қаситеттерді (күш, ептілік, шыдамдылық және т. б.) дамыту;

  • гигиеналық дағдысын қалыптастыру;

  • құлықтық қасиеттерін (батылдық, турашыл, жауапкершілікті, ұжымшылдық, тәртіптілік) тәрбиелеу;

  • дене тәрбиесі және спортпен әрдайым шұғылдануға қажеттілігін қалыптастыру;

  • дені сау, сергек болуға құштарлығын дамыту.

Жүйелі дене тәрбиесі мектеп алды кезеңде басталады, мектепке

«Дене тәрбиесі» сабағы - міндетті пән.



Еңбек және политехникалық тәрбие. Еңбек тәрбиесі - еңбек іс-әрекетін, өндірістік қарым-қатынастарды, еңбек құралдары мен оларды қолдану тәсілдерін қарастырады. Политехникалық тәрбие барық өндірістің негізгі принциптерімен таныстыруға, қазіргі өндірістік процестер мен қарым-қатынас білімдерін меңнертуге бағытталған. Оның басты міндеттері:

  • өндірістік қызметке қызығушылығын қалыптастыру;

  • техникалық қабілеттерін, жаңа экономикалық ойлауын, іс жүргізудегі білімін дамыту.

Құқтық тәрбие. Хұқтық - бұл ішкі мораль, өз-өзіне арналған мораль. Ал мораль дегеніміз - адамның қоғамға, еңбекке, адамдарға қарым-қатынасын анықтайтын тарихи қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен ережелері. Міндеттері:

  • құлықтық ұғымдарды, сенімдер, сезімдер, дағды мен әдеттерді қалыптастыру.

Құлықтық тәрбиенің негізі - жалпы адамзаттық құндылықтар (намыс, әділдік, міндет, парыз, жауакершілік, ар-ұят, бедел, гуманизм, еңбексүйгіштік, үлкенге құрмет, патриотизм, қоғамдық белсенділік, қайырымдылық).

Эмоционалды (эстетикалық) тәрбие. Оның міндеттерін 2 топқа бөлуге болады:

1. Теориялық білімді қалыптастыруы.

2. Практикалық дағдының қалыптасуы.

1-ші топ эстетикалық құндылықтарға үйретсе, 2-ші топ эстетикалық қызметке белсене араласу міндеттерін шешеді. Міндеттері:

- эстетикалық білім қалыптастыру;

- өткеннің эстетикалық және мәдени мұрасын меңгерту;

- ақиқат шындыққа эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастыру;

- эстетикалық сезімдерін дамыту;

- эстетикалық идеалын қалыптастыру.

Практикалық іс-әрекет:



  • музыка, би, живописьпен айналысу;

  • шығармашылық ұйымдарда, тортарда қатысу.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Тәрбие ұғымына анықтама беріңіз.

2. Тәрбиенің мақсат-міндеттерін атаңыз.

3. Тәрбиенің мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді?

4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығ неде?

5. Қоғам дамуындағы тәрбие мақсатының өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?

6. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.

7. Дене тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.

8. Еңбек тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.

9. Эстетикалық тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.

10.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін атаңыз.
5 дәріс тақырыбы: Шетел педагогикалық тұжырымдамалары.

Мақсаты: Студенттерді шетел педагогикалық тұжырымдамаларымен таныстыру .

Тірек ұғымдар: Прагматизм, Неотомизм, Экзистенциализм, Бихевиоризм

Жоспары:

1. Қазіргі шетел педагогикалық тұжырымдамалары.

2. Шетел педагогикасындағы тәрбиенің мақсаты.

Философиялық теориялар педагогикалық концепциялар мен тәрбие жүйелеріне негіз болды. Философиялық бағыттарға негізделген басты педагогикалық концепциялар:



  1. прагматизм

  2. неопозитивизм

  3. экзистенциализм

  4. неотомизм

  5. бихевиоризм

Прагматизм (грек сөзі «прагма» - іс) - философиялық-педагоги- калық бағыт. Ол тәрбиені өмірмен ұштастыра, тәрбиенің мақсаты практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылады дейді. Прагматикалық философия негізін қалаушылар Ч. Пирс (1839 – 1914), У. Джеймс (1842 – 1910), Дж. Дьюй (1859 -1952). Оның басты қағидалары: мектеп өмірден, оқыту тәрбиеден алыс болмауы тиіс. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігіне сүйену керек. Тәрбие және оқыту практикалық іс-әрекеттер көмегімен жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие процесінің негізінде баланың қызығушылықтары болуы керек. «Біз баланың орнына өзімізді қойып, содан шығуымыз керек. Бағдарлама емес, оқытудың саны мен сапасын бала өзі анықтағаны жөн».

60-шы жыдары прагматизм құлдырап, оның орнына неопрагматизм келеді. А. Маслоу, А. Кумбс, К. Роджерс, Т. Браммельд, С. Хук және т. б. Басты мәні - тәрбие бұл тұлғаның өзін-өзі бекітуі. Яғни тұлғаның жүріс-тұрысында толық өз беттілік болу керек. Бұнда тұлғаның белсенділігі мен оптимизмі көрінеді.



Неопозитивизм - ғылыми-техникалық құбылыстар жиынтығын ұғыну.

Ол Платон, Аристотель, Юм, Канттың этикалық идеялары негізінен туындаған. Қазіргі педагогикалық неопозитивизмді «жаңа гуманизм» деп атайды, немесе «сциенцизм» (ағыл. «ғылыми») өкілдері - П. Херс, Дж. Вильсон, Р.С.Питерс, А.Харрис, М.Уорнок, Л.Кольберг және т. б.

Басты идеялары: «рационалдық ойлау», интеллектіні дамыту, тәрбиенің мақсаты - рационалды (ақыл-ойға жеңдіруші! Ойлайтын адамды құрастыру. Олар сезімге емес, логика мен ақылға сенеді. Адамдық «мен» дамуы тиіс.

Экзистенциализм (лат. сөзі existencia - тіршілік ету) - философиялық ағым. Бұнда тұлға - өмірдің жоғарғы құндылығы. Әрбір тұлға - қайталанбас, ұқсамайтын, ерекше. Әрбір адам - өзінің құндылығы бар. Ғалымдардың айтуы бойынша, адам әрдайым жалғыз, оны неғұрлым орта қоршауда. Қоғам адамның құлықтылығына үлкен нұқсан келтіреді, себебі қоғамдық институттар тұлғаның мүмкіншілігін, жүріс-тұрысын шектейді. Адам өзі не әстегісі келсе, соны істейді. Бағдарлама, ешқандай әдіс-тәсіл қажет емес. Басты құрал - өмір, табиғат және интуиция. Экзистенциализм бойынша, тұлғаның табиғатшылығына ұжым зиян келтіреді. Ол адамды «үйіндегі жануарға» айналдырады Адамның көңіл-күйі, сезімі, импульсі, интуициясы - басты. Ал сана, интеллект, логика - екінші орында.

Неотомизм - діни философиялық ілім, негізін қалаушы, атын беруші Фома (Тома) Аквинский (1225 -127 ): өмір құдайының ерігіне бағынышты. Өмір - бұл «құдай санасының» көрінісі. Теология (құдай жайындағы ғылым) - танымның жоғарғы деңгейі. Өмірдің мәнін ғылыммен түсіндіру мүмкін емес. Оны тек «сана үстімен түсінуге болады. Ғылым - табиғи құбылыстарды, дін - рухани идеяларды дәріптейді. Адам - материя мен рухтың бірлігі. Ол бір уақытта индивид және тұлға. Индивид - денесі бір тіршілік иесі. Тұлға - елемейтін жаны бар. Тұлға ретінде ол тек құдайға бағынады.

Бихевиоризм (ағыл. Behavior - мінез-құлық, поведение) технократиялық тәрбиенің психо-педагогикалық концепциясы. Бұл ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделген тәрбие. Б.Ф.Скиннер, К.Халл, Э.Толмен, С.Пресси. Басты идея - адамның жүріс-тұрысы - басқарылатын процесс. Бұнда ЭЕМ-нің орны ерекше.

4. Прагматикалық тәрбиенің мақсаты (Дж.Дьюй) - адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ақыл-ойын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі.

Неопозитивизм - интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.

Экзситенциализм - адамды тірішілік ету тәжірибесімен қаруландыру.

Неотомизм - құдайдан қорқушы тұлғаны қалыптастру, дін негізіндегі құлықтық тәрбие.

Бихевиоризм - «басқарылатын адамды» қалыптастыру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Прагматизм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?

2. Неотомизм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?

3. Экзистенциализм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?

4. Бихевиоризм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?
6 дәріс тақырыбы: Тұлғаның дамуы, тәрбиеленуі, қалыптасуы мен әлеуметтенуінің өзара қатынасы.

Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, әлеуметтену.

Жоспар.

1. Жеке тұлға туралы түсінік.

2. Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.

3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.

4. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.

1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;

2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.

Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:


    • психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

    • қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;

    • белсенділігі.

Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оынң өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүхеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).



Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.

Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.

3. Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.

Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүхеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың өзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:

1. Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес процестер (В.Штерн, Ж.Пиаже).

2. Оқыту мен даму – біртұтас процесс (Джеймс, Торндайк).

3. Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін процесс (Коффка және т.б.).

Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен өте тығыз байланыста: олар – біртұтас процесс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.

Оқыту процесінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.

4. Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтік ситуацияларға, микро- және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.

Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бөлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену бұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану процесі.

Бірақ тұлға өзінің дербестігіне, автономиясына, жеке көзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процесі.

Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру процестерінде көрінеді.

Әлеуметтену – үздіксіз процесс. Ол өмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.

1. еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет