Педагогика және психология факультеті



бет73/77
Дата16.04.2022
өлшемі0,77 Mb.
#139625
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Tenizbaeva.JasErPs
Tashtauova.OtbPx, Силл Логопедия 2022, этно баяндама, асем реферат
Динамикалық стероетип – ( грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.

  • Инстинкт – ( латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.

  • Интеллект – ( латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.

  • Эволюция – ( латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді ) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.

  • Детерминизм – ( латын сөзінен енген «белгілеу, анықтау» деген мағынаны білдіреді ) тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана емес, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі заңдылықтарына бағынуы.

  • Фрустрация – ( латын сөзінен енген «босқа әлек болу» деген мағынаны білдіреді ) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық, сананың бұзылуын айтамыз.

  • Антиципация – ( латын тілінен енген «күні бұрын» деген мағынаны білдіреді ) адам текстің мағынасын түсінумен қатар алдағы сөздердің мағынасын да аңғара алуы.

  • Плато – « француз тілінен енген «үстірт жердегі тегістік» деген мағынаны білдіреді ) дағдыға қажетті білімнің уақытша орнығып бекуінің белгісі.

  • Автоматизм – ( грек тілінен алынған «өздігінен қозғалатын» деген мағынаны білдіреді ) дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды айтамыз.

  • Доминанта – ( латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді ) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ , күштірек қоздыратын алапты айтамыз.

  • Адаптация – ( латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.

  • Сенсибилизация – ( латын тілінен енген «сезгіш» деген мағынаны білдіреді ) сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.

  • Синестезия – ( грек тілінен енген «қосарласқан түйсік» деген мағынаны білдіреді ) пайда болған бір модальды түйсіктің басқа модальды түйсікті қоздыруы.

  • Спектр – ( латын тілінен енген «көріну» деген мағынаны білдіреді )

  • Пигмент – ( латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді )

  • Диссонанс – ( француз тілінен енген «үйлесімсіз» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымсыз дыбыстарды диссонанс дыбыстар деп атаймыз.

  • Консонанс – ( француз тілінен енген «үйлесімді» деген мағынаны білдіреді ) құлаққа жағымды естілетін дабыстарды айтамыз.

  • Резонанс – ( латын тілінен енген «жаңғыық» деген мағынаны білдіреді )

  • Кинестезия – ( грек тілінен алынған «қозғалыс түйсігі» деген мағынаны білдіреді ) дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді.

  • Статика –( грек тілінен енген «тіке тұратын» деген мағынаны білдіреді ) денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелендіретін түйсіктерді айтамыз.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет